Шағалалы су қоймасына 20 мың дана шабақ жіберілді
ДИКТОР: Бүгін Зеренді ауданындағы Шағалалы су қоймасына 20 мың дана тұқы шабағы жіберілді. Көкшетаудағы аңшылар мен балықшылар қоғамы су айдындарын балықтандыру жұмыстарын жыл сайын жүргізеді. Тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.
РКС: Бұл шара су қоймасындағы балық қорын молайтып, табиғи тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Мамандардың айтуынша, шабақтар арнайы өсірілген шаруашылықтан жеткізіліп, су температурасы мен басқа да табиғи жағдайлар ескеріле отырып су айдынына жіберілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АРХАТ МӘЖИТОВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Бұл балықтандыру жұмыстары Көкшетау аңшылар мен балықшылар қоғамының жыл сайынғы даму жоспары аясында, балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес жүргізілуде. Су қоймасы осы қоғамға бекітілгендіктен, олар жыл сайын өз міндеттемелерін орындайды. Су айдынының тазалығын тұрақты бақылап, қоқыстан тазартып, балықтандыру жұмыстарын жүргізеді. Мұның бәрі әуесқой балықшылар келіп, жолдама сатып алып, балық аулап, демалуы үшін жасалады. Даму жоспары ғылыми орталықтың қорытындысы негізінде әзірленеді. Мамандар су қоймасын зерттеп, қандай балық түрін және қанша мөлшерде жіберу қажеттігі жөнінде ғылыми қорытынды береді.
РКС: Сонымен қатар сарапшылар су қоймасындағы азықтық қорды, судың тазалығын, жыртқыш балықтардың санын және балық қорының азаю қаупін зерттейді. Кейін су айдынына дернәсіл не біржаздық шабақ жіберуге шешім қабылданады.
СНХ: ШАЙМҰРАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, «ТУПОЛЕВ» АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫҚШЫСЫ: Балықтандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Бұл су қоймасындағы балық санын көбейту үшін міндетті түрде атқарылуы тиіс шара. Әдетте дернәсіл немесе біржаздық шабақ жіберіледі. Қазір су айдынына біржаздық шабақтар жіберіліп жатыр. Соңғы жылдары адамдар балық аулау үшін алысқа барудың қажеті жоқ екенін түсінді. Әуесқой балық аулауға өзіміздің жергілікті су айдындары да толық мүмкіндік береді.
РКС: Биылғы балықтандыру жұмыстары да өңірдегі су айдындарының биологиялық әралуандығын сақтауға және әуесқой балық аулауды дамытуға үлес қоспақ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ