Ішек инфекциясы аурулары әлі де өзекті
ДИКТОР. Өткен жылдың жаз айларында Ақмола облыстық балалар ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесінде 542 бала ем алған болса, оның 306-сы ішек ауруларына қатысты ем-домға жүгінген. Биылғы жаз маусымында бөлімшеге 516 бала жатқызылып, оның 279 –ы ішек ауруларына қатысты ем алған. Биыл аптап ыстыққа қарамастан, жұқпалы ішек ауруларының азайғаны байқалады. Бұл ата-аналардың балаға қатысты жауапкершілігінің күшейгенін көрсетеді дейді дәрігерлер.
БЛИЦ ОПРОС:
- Қазіргі кезде неше түрлі аурулар бар, сондықтан жеміс-көкөністерді жуу керек. Әр түрлі микробтар бар.
- Фрукты нужно мыть летом, потому что они грязные после магазина.
- Фрукты надо мыть, потому что люди их трогают грязными руками, и они могут лежать там где пыльно, грязно.
- Могут добавить химикаты, могут быть открытые прилавки, поэтому их нужно тщательно мыть горячей водой Һ
- Жеміс-жидекті алғанда жуып, тазалап жеу керек. Сапасы бәрі жақсы болу керек. Балаларға біріншіден қолдарын жуғызып, содан кейін жесін деп.
- Я очень люблю яблоки, я их постоянно ем, мне рнавятся арбуз, дыня. Мне нравится очень много фруктов. Если мы не будем их мыть, мы можем заболеть
РКС. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде бүгінгі күні 33 бала ем алып жатыр. Олардың көпшілігі тағамнан уланғандар. Асқазан ауруына қатысты ем алып жатқандар да бар. Анасымен бірге жатқан балалардың саны - 15. Оларға қажетті ем-дом жасалып жатыр.
СНХ: МАРИЯ МАЧУЛА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР: Ең көп таралған белгілері - қызба, әлсіздік, құсу және сұйық нәжіс. Біз әдетте балалар мен егде жастағы адамдарға ерекше назар аударамыз, себебі бұл топтарда сусыздану және ішек инфекцияларының ауыр ағымының қаупі жоғары. Егер белгілер пайда болса, өзін-өзі емдеуден аулақ болып, оның орнына дәрігерге немесе аурухананың жедел жәрдем бөліміне барған дұрыс. Алдын алу шаралары гигиенаны сақтауды, мысалы, тамақтанар алдында қолды жууды және жаңа піскен жемістер мен көкөністерді дұрыс жууды, сондай-ақ тағамды дұрыс өңдеу мен сақтауды қамтамасыз етуді қамтиды.
РКС. Жаз жұқпалы ішек ауруларының көбейіп кететін кезеңі. Әсіресе, жеміс-жидек, көкөністерді пайдалануда аса сақ болған жөн. Көкшетауға сырттан әкелінетін қауын-қарбыздан да келер зиян аз емес.Сондықтан әсіресе жазғы демалыста жүрген балаларға берілетін жеміс-жидектердің сапасына мән берген дұрыс.
СНХ: ДАРЬЯ ТАРАНЕНКО, АТА-АНА: Бізді бұл жерге Атбасар ауданынан ішек инфекциясымен жеткізді. Ата-аналарға балаларын қолдарын жууға және өз денсаулығына мұқият қарауға үйретуге кеңес бергім келеді. Қазір жағдайымыз жақсарып, сауығып келеміз, ертең үйге шығамыз. Медицина қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын.
РКС. Ішек аурулары ағзаның қоректік заттарды сіңіруін бұзып, ағзаның улануына, микрофлораның өзгеруіне және созылмалы қабынуға әкеледі. Бұл жағдай жалпы денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Құсу, іштің өтуі кезінде ағза көп су мен тұз жоғалтады, токсиндер қанға тарап, әлсіздік тудырады. Сондықтан қашанда созылмалы асқынулардан сақтану керек дейді дәрігерлер.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.