ДИКТОР: Көкшетаудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жастар мен жұмыс іздеуші азаматтарды қолдауға және өңірдегі кадр тапшылығын жоюға бағытталған шараға 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатысты. Олар өз мекемелерінің қызметі туралы жан-жақты ақпарат беріп, сұранысқа ие мамандықтар мен бос жұмыс орындарын ұсынды.

РКС: Жазғы маусым бастала сала студенттер арасында уақытша жұмысқа орналасуға байланысты сұраныс арта түсті. Осыған орай жәрмеңкедегі негізгі назар студенттер мен бітіруші түлектерге аударылды. Оларға еңбек нарығымен танысып, алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтауға және бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қосымша табыс табуға мүмкіндік жасалуда.

СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біздің басты мақсатымыз neet санатын, жұмысмыссыздықты азайту болып келеді. Жастарға керекті ақпараттандыру жүргізе отырып, оларға өте пайдалы болатындай, уақыттарын және болашаққа деген жоспарын құруға, өздерінің мансаптық орнын табуға, кәсібін ашуға консультациялық өткізіп келеміз.

СНХ: СҰЛТАН-АХМЕТ ЕРМАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен студентпін. Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің. Мамандығым it мамандығы. Толық айтқанда разработка программы обеспечения. Осы Көкшетау қаласындағы сауда орталығында жұмыскерлерге консультация беріп жатыр екен. Мен бұл шараға келген себебім, 3 ай демалысымды тиімді өткізу үшін осы жерден жұмыс қарастырып жатырмын. Мұнда әртүрлі парқшалар таратып, кері байланыс жасап жатыр. Бұл мен үшін тиімді болды.

РКС: Қатысушылардың назарына жұмысшы мамандықтардан бастап құқық қорғау органдарындағы қызметтерге дейінгі вакансиялар таныстырылды. Жұмыс берушілер үміткерлермен тікелей сұхбат жүргізіп, еңбек жағдайы, жалақы мөлшері, әлеуметтік қолдау мен кәсіби талаптар жөнінде ақпарат берді.

СНХ: БАЛҚАДИША САҒЫМБАЕВА, «НОВОПЭК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПЕРСОНАЛДЫ ІРІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАНЫ: Біз жұмысшы мамандар іздеп жатырмыз. Ол тоқыма станоктары операторлары, тігіншілер, намочики. Біз таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін, келесі күні кешкі 8-ден таңғы 8-ге дейін жұмыс графигіміз. Бізде тегін тамақ, түскі ас, қаланың ішінде развозкамыз тегін. Біз Көкшетауда ғана емес, Кенесары, Келеровка, Солтүстік Қазақстан облыстарынан кісілерді развозкамен алып кетіп отырамыз. Жоғары техникалық колледждің студенттері де келіпті. Біз оларға ақпараттық қағаздарымызды тараттық. Алдағы уақытта өзімізге жұмысқа шақырамыз.

СНХ: АЙДАР ШАЯХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бізде біріншіден 18 бен 35 жас аралығындағы жасөспірімдер қабылданады. Дене бітімі бойынша медициналық сараптамадан өткен жасөспірімдер болуы тиіс. Әскерге барып келген және бармаған, заңды түрде әскерден босатылуы юар жастар қабылданады. Бізде 1-1,5 жылдық есепке теңеледі. Қызмет атқару барысы зейнетақыға жақсы әсерін тигізеді.Ішкі істер органдарының қызметкерлері зейнетке 48 жасында шықса, біз 38-39 жас аралығында шығамыз. Пәтер беру сұрақтары қамтамасыз етіліп жатыр, адам басына 60 мың көлемінде пәтер жалдауға өтемақы төленеді.

РКС: Ақмола облысында 3500-ге жуық жас NEET санатында. Мамандар бұл көрсеткішті азайту үшін түрлі жобалар мен жәрмеңкелер ұйымдастыруда. Бұл бастамалар жастардың еңбек нарығына бейімделуіне және өз орнын табуына жол ашады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ