ДИКТОР: Өткен сенбі күні Бурабай ауданында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Мөлдір бұлақ" атты экоакция өтті. Оған 100-ден астам адам қатысты. Шара барысында Бурабай ауданындағы су-айдындарының айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

РКС: Су - тіршілік көзі. Сондықтан, Бурабай ауданының волонтерлері бұлақ маңын тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Акция барысында 100-ге жуық волонтер қоқыс жинап, аумақты ретке келтірді. Нәтижесінде, ондаған қап тұрмыстық қалдық шығарылып, табиғи нысанның айналасы абаттандырылды.

СНХ: НҰРАЛЫ ТӨЛЕГЕНОВ, ВОЛОНТЕР: Біздің қаламыздың жастары қаламызды жиі тазартып тұрады. Қаланың басқа аймақтарында да тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең алдымен "Таза Қазақстан" акциясы жастардлы қаланы таза ұстауға ынталандырады. Ол жастар үшін болашаққа маңызды қадам.

РКС: Қазір Бурабай ауданында экологиялық акцияларға 10 мыңнан астам адам қатысып келеді. Олардың басым бөлігі - қарапайым тұрғындар. Бастапқыда халықты мұндай игі бастамаларға тарту оңай болмаған. Десе де, уақыт өте келе тұрғындар қоршаған ортаның тазалығына әркім жауапты екенін түсіне бастаған, - дейді аудан әкімдігінің өкілдері.

СНХ: ЕРЖАН ХАЛБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде қазіргі таңда "Таза Қазақстан" акциясы өмірлік салт сияқты. Қоғамның өзінің ойын түзетудің өзі "Таза Қазақстанның" парадигмасын енгізу деп білемін. Сол үшін біз әр сенбі сайын тек қана сенбіліккке шықпай, ағаш отырғызу, неше түрлі акцияларды жасау, қоғамда дұрыс түсіндіре білу. Соның барлығы огсы "Таза Қазақстан". Біз оны міндетті түрде қолдаймыз, жалғастырамыз.

РКС: Бурабай ауданында әр бейсенбі және сенбі сайын түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыру жоспарланған. Осылайша, өңірдің тазалығын сақтап, экотуризмді дамыту көзделіп отыр.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ