ДИКТОР: Жыл басынан бері Біржан сал ауданының негізгі капиталына 2,5 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 161 пайыз артық. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салаларында оң динамика байқалады. Ауданда агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағыттарында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

РКС: Негізгі бағыттың бірі агроөнеркәсіптік кешен. Соңғы үш жылда ауданның ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 66 пайыз артқан. Биыл жергілікті билік мал шаруашылығы саласын дамытуға, суармалы жер көлемін ұлғайтуға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлуде.

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАСЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жерді тиімді пайдалану: Ағымдағы жылда 31 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы айналымға енгізіледі. 2023-2024 жылдары аралығында конкурсқа 9 мың га жер шығарылған – 350 % көбейді. Жаңа алқаптар өнімділікті арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді. Сот органдарында 180 мың га ауылшаруашылығы жер алқаптарын мемлекеттік меншігіне қайтару бойынша істер қаралып жатыр, оның 2-і бойынша соттың оң шешімі бар (155 мың га). Жергілікті халықтың жайылымға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында осы жылдың маусым айында жайылымды басқару жоспарына 67 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қосу көзделген.

РКС: Инфрақұрылымды дамыту мәселесі де жергілікті биліктің ерекше бақылауында. Былтыр Заозерное және Үлгі ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Баймырза, Құдықағаш және Аңғал батыр ауылдарында 77,3 миллион теңгеге үш мал қорымы салынды. Биыл Степняк қаласындағы 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. 2021 жылы басталған жобаның жалпы құны 301 миллион теңге. Сонымен қатар жол құрылысы бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАСЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Құдықағаш – Макинка бағытындағы шамамен 7 шақырым жолды орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Қаражат бөлінді, жұмыстар биыл аяқталады. Сонымен қатар Үлгі – Жаңалық тасжолына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Қаражат қарастырылып, мердігер анықталды. Жергілікті атқарушы органдар «Көкше Цемент» кәсіпорнымен бірлесіп, әлеуметтік жауапкершілік аясында ұзындығы 34 шақырым Кеңащы – Заозерное аудандық маңызы бар тас жолын жөндеуді жоспарлап отыр.

РКС: Ауданда екі қазандық жөнделіп, 6 жылыту қазаны ауыстырылды. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 60, облыстық қазынадан 122 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 69-дан 15 пайызға дейін, ал жылу беру желілерінің тозуы 48-ден 37 пайызға дейін төмендеді. Биыл бұл жұмыстарды жалғастыруға облыстық бюджеттен қосымша 50 миллион теңге бөлінді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ