ДИКТОР: «AMANAT» партиясының бастамасымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында Мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты эстафета ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мәдениет саласының мамандары қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық ойындарын насихаттап, ұлттық мұраны ұлықтауға үлес қосты.

РКС: Спорттық шараның шымылдығы әуелеген әсем әнмен түрілді. Салтанатты жиыннан бастау алған шарада мәдениет және өнер саласының өкілдері кәсіби қызметі мен елеулі еңбегі үшін «AMANAT» партиясы басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз аманат партиясы «Ұлттық мұра» жобасы аясында мәдениет саласымен жыл бойы өте белсенді тығыз жұмыс істейміз. Сондықтан осындай эстафетаны бастауын алып, өзіміздің ұлттық ойындар, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында осындай эстафета ұйымдастырып жатырмыз. Бұл жерде жас аралығында шектеу жоқ.+скл+Ең басты біздің жаңағы сыйымыз ол біздің ұлттық көне көзіміз астау, сондықтан бақ сынауға барлық қызметкерлерді шақырдық.

РКС: Сайыс асық ату, садақ ату және тоғызқұмалақ бойынша өтті. Қатысушылар үш бағытта да бақтарын сынады. Олардың қатарында «Достар» мәдениет сарайының қызметкері, жүргізуші Мағжан Кәрібай да бар. Ол ұлттық спорт түрлерінің барлығына қатысып, мұндай жарыстардың маңызы зор екенін атап өтті.

СНХ: МАҒЖАН КӘРІБАЙ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: «Аманат» партиясына, әрине, алғысымызды білдіреміз. Осылай бізді де тыс қалдырмай, мәдениет қызметкерлеріне көңіл бөліп, осылай бізге арнап осындай ұлттық спорт түрлерімізді дәріптеп, ұйымдастырып жатқанына. Әріптестерімізбен бірге осылай турнирға қатысып, осы ұлттық спорт түрінде бір-бірімізді көргенімізге де өте қуаныштымыз.

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша садақ атудан жергілікті әнші Айтқазы Дәмелғазы топ жарып, І орынды иеленді. Асық ату бәсекесінде Красный Яр үлгілі кітапханасының қызметкері Рустам Әубәкіров топ жарды. Ал тоғызқұмалақ сайысында «Көкше» мәдениет үйінің қызметкері Нұрболат Әбдіқалықов үздік ойын көрсетіп, жеңімпаз атанды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ