ДИКТОР: "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Көкшетауда "Аулалардағы қабылдау" акциясы өтті. Шара барысында полиция қызметкерлері облыс орталығындағы Жамбыл көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына құқықтық кеңес берді. Бұл аумақта мектептер, жатақханалар, спорт нысандары мен көпқабатты үйлер орналасқан. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелері тұрғындар үшін аса маңызды.
РКС: Шара барысында тұрғындар прокуратура және коммуналдық қызмет өкілдеріне аулаларды жарықпен қамту, бейнебақылау камераларын орнату, балалар алаңдарының жағдайы және абаттандыру мәселелерін көтерді.
ИНТЕРШУМ:
- Сегодня у нас прошла встреча по "Приему дворов". Мы встретились с руководителями, которым задали наши вопросы и получили на них ответы. В целом серьёзных проблем в доме у нас нет. Единственные вопросы - это двор, освещение и видеокамеры. Будем подавать заявку на благоустройство двора. Также собственными силами планируем собрать средства на установку видеокамер в подъездах.
- Насчёт участковых, наши участковые молодцы. Днём и ночью звонишь всегда отвечают, быстро реагируют и приезжают. Все проблемы мы решаем через участковых.
РКС: Сонымен қатар, тұрғындар көпқабатты тұрғын үйде беймезгіл уақытта шулайтын көршілерге, аулада ішімдік ішу деректеріне және тіркеусіз тұрып жатқан азаматтарға қатысты шағымдарын жеткізді. Көтерілген барлық мәселе қатаң бақылауға алынды.
СНХ: НҰРЛЫЖАН АҚТАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Біз Жамбыл көшесі бойындағы тұрғын үйлерді бекерден-бекер таңдаған жоқпыз. Мұнда бірқатар проблемалық мәселе бар. Тұрғындар сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алуға қатысты түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Осындай кездесулерді Көкшетау қаласында тұрақты түрде өткізіп тұрамыз деген жоспар бар.
РКС: Жиын барысында мектеп маңындағы жол қауіпсіздігі де тілге тиек етілді. Алдағы уақытта қосымша жол белгілерін орнату, жасанды жол кедергілерін қою және жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілмек. "Аулалардағы қабылдау" акциясы шаһардың өзге де шағын аудандарында жүргізілмек. Мұндай форматтағы кездесулер тұрғындардың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуге және халық сенімін арттыруға мүмкіндік бермек.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ