ДИКТОР: «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын он бес жылдан бері жүзеге асырып келеді. Басты мақсат – аға буын өкілдеріне қолдау көрсету. Бүгін «Ұлттық мұра» жобасы аясында Көкшетаудағы белсенді өмір орталығында тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, ардагерлердің зияткерлік белсенділігін нығайтуға бағытталған. Жарыс облыстың барлық аудан-қалаларында бір мезетте өтті. Оған 300-ден астам аға буын өкілі қатысты.

РКС: Турнирдің ашылуы салтанатында сөз алған «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов ұлттық ойынды жаңғырту аға ұрпақ өкілдерінің міндеті екенін айтты, әрі кейінгі толқын да асыл мұраларды көзінің қарашығындай сақтауға үйренеді. Әнұран шырқалып, жарысқа қатысушыларға шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ұлттық құндылықтарымыздың ұлықтау мақсатында дәстүрлі ойындарымызды тек бұл орталықта ғана емес, басқа ұйымдарда да өткізу мақсатымыз бар. Дәл осындай сайыстарды Ақмоланың өзге де өңірлерінде өткзудеміз.

РКС: Тоғызқұмалақ – ой-өрісті дамытатын халқымыздың көне зияткерлік ойыны. Оның шығу тарихы төрт мың жылды қамтиды. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ,, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тақта ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Қойлардың құмалағын кептіріп, дәл қазіргідей 162-сін қолданған. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, ойынның дәлдігі үшін соңына дейін ойнап шығуы тиіс.

СНХ: ДУЛАТ ЖҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тоғызқұмалақ ол қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны. Тоғызқұмалақ, шахмат елімізде, облысымызда дамып жатыр, бүгінгі турнир соған үлесін қосып жатыр. Жастарға да үлгі болып жатыр.

РКС: Турнирдің облыстық белсенді ұзақ өмір орталығында өтуінің де өзіндік мәні бар. Ардагерлер – елдің тірегі, өмірлік тәжірибесі мол, жас ұрпаққа өнеге болатын асыл жандар. Осындай шаралар аға буынның белсенділігін арттырып қана қоймай, ұлттық ойындарды дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

СНХ: ЕРКІН ЖАҚЫПОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: «Аманат» партиясының ұйымдастырып жатқанына рахмет, қарттарға бұл мерей, біз осымен екінші жыл ойнап келе жатырмыз.жаңадан келіп ойнап жатқандар бар. Бәрі жақсы ойнап жатыр.

СНХ: БАҒИЛА ШӘРІПОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Турнир өткізіп, баршаңызға рахмет, бізді құрметтеп, осындай дәрежеге жеткізіп жатқандарыңызға, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз.

РКС: Турнир екі күнге созылған. Бүгінгі жарысқа қатысушылар жоғары шеберлік пен ұлттық ойынға деген ерекше қызығушылықтарын көрсетті. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен медальдар табысталады.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ