ДИКТОР: Жастар саясаты мен волонтерлік – ел үшін маңызды бағыт. Қос бағыт азаматтарды қоғамның дамуына араластыруға ықпал етеді. Сондықтан аймақ басшылығы мұндай бастамаларды қолдауға үлкен мән беріп отыр. Бүгінде облыс тұрғындары ондаған әлеуметтік, экологиялық, білім беру жобаларын жүзеге асыруда. Жастарды қолдауға және азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы тілші баяндасын.

РКС: Аймақта волонтерлік қозғалысқа ерекше басымдық беріліп отыр. Жастар экологиялық акцияларда, әлеуметтік бастамаларда, медициналық және медиа волонтерлік бағытына жиі қатысады. Белсенділерді қолдау үшін жыл сайын байқаулар мен түрлі шара өткізілуде. Үздік жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы гранттар да бөлінеді.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 89 волонтерлік орталық белгіленген облыс бойынша, соның 60-сы тұрақты түрде жұмыс жасауда, 3600 жүзден астам волонтер бар. Ақмола облысы бойынша олардың барлығы 9 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Волонтерлерге арналған үздік жобалар байқауы өтетін болады бізде жылда бұл жобаға. Әрбір бағыт бойынша 500 мыңнан астам қаражат сомасы бөлінген болса, биыл бізде үш бағыт бойынша 1 миллион теңгелік гранттар осы волонтерлердің арасында ойнатылатын болады.

РКС: Болашақ жастардың қолында. Сондықтан билік жаңа буынның мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Олар жастардың жұмысқа орналасуына, мемлекеттік қолдауға ие болуына және әлеуметтік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдеседі. Сәтті жобаның бірі - әскери борышын өтегеннен кейін жастарды жұмысқа орналастыру бастамасы болса керек.

СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда 500-ге жүзге жуық азамат жұмысқа орналасқан, яғни қызметке ол бізде түрлі мекемелермен меморандумға отырылған болатын. Осы біздегі 5510 әскери бөлім, Ұлттық ұлан және де осы Полиция департаменті, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мекемесі.

РКС: Мұндай жобалар жастардың жұмыс табуына ғана емес, мемлекеттің қолдауы арқылы жеке бастамаларын да жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Олар қоғамдық іске араласып, аймақтың дамуына үлес қоса алады. Қазақстан жастары – еліміздің болашағы мен үміті, қоғамның қозғаушы күші.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ