ДИКТОР: Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау мақсатында жыл сайын «Музей түні» шарасы ұйымдастырылады. Бұл бастама алғаш 1997 жылы Германияның Берлин қаласында өткен. Аталған жоба Ақмола облысында да дәстүрлі түрде кең көлемде ұйымдастырылып келеді. Биыл да бірнеше дәуірдің тарихы мен этнографиясын, тарихи тұлғалары мен өнер мұрасын ұрпаққа танытып келе жатқан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» жоғары деңгейде аталып өтті. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Дәл қазір мұнда ерекше атмосфера сезіледі. Музей түніне келеген жұртшылықтың да қарасы қалың. Келушілер 100 жылдан асқан тарихи музейдің жәдігерлерімен танысып қана қоймай, театрландырылған қойылым мен түрлі бағдарламаларды тамашалауда.

СНХ: ГҮЛДЕН АҚҚОШҚАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгін қаламыздағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде осымен 14 рет «Музей түні» өткізіліп жатыр. Ең алғашқы рет 2013 жылы өткізілген. Бүгін өзге жылдарға қарағанда бағдарлама өте қызықты. Келушілер де өте көп. Жалпы музейдің тақырыбы «Музейлік микс», нақты бір бағытқа тоқталмаған, әртүрлі уақыт кезеңдерін қамтиды.

СНХ: РУС РЕД: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, ЭКСКУРСОВОД: 14-ый раз за всю историю. Сегодня у нас очень насыщенная программа, называется она «Музейный микс» а это значит, что сегодня можно узнать о каждой эпохе, о разных событиях, о традициях, обычаях, о гастрономий и еще много всего интерсного. Посетить можно будет локацию первобытного строя, средневековые ярмарки, советскую школу, квартиру профессора, этноауыл, и поучаствовать во многих интересных состязаниях, играх и конкурсах.

РКС: Танымдық әрі мазмұнды кеш барысында қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген арнайы алаңда тазы ит пен бүркіт баптаушылардың өнері көрсетіліп, қазақтың ұлттық ойындары да насихатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне 106 жыл. Ғасырдан астам тарихы бар мәдени ошақтың қорында бүгінде 186 мыңнан астам жәдігер сақталған. Олардың қатарында археологиялық бұйымдар, этнографиялық мұралар, сирек құжаттар мен тарихи экспонаттар бар.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, ЭКСКУРСОВОД: Музей 1920 жылы ашылған. Содан бері мәдени мұраны сақтау ісіне үздіксіз қызмет етіп келеді. Жалпы музей қорында 83 мыңнан астам экспонат сақталған. Олардың бір бөлігі тұрақты көрме залында витриналарда қойылған. Келушілер кез-келген уақытта келіп, тарихи жәдігерлермен таныса алады.

РУС РЕД: Открылся он в 1920 году и неизменно стоит на страже охраны истории и культурного наследия. В целом в фондах музея хранится больше 83 тысяч экспонатов. Многие из них хранятся в витринах, в стационарных залах, и люди в свободном режиме в любое время могут прийти и познакомиться с ними.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде жылда Ақмола облысында «Музей түні» жоғары деңгейде аталып өтеді. Қазіргі таңда тарихи-өлкетану музейі 100 жыл тарихы бар музей. Сондықтан жылда музей түніне 3-4 мыңнан астам халық жиналады. Енді біздің музейлер тарихтағы құндылықтарды сақтап, ұлттың, егеменді еліміздің мәдени мұрасын халыққа насихаттап,жаңғыртып жүрген біздің барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі таңда біздің музейлер өнер орталығы сияқты жұмыс жасап келеді. Музейлерде көптеген шаралар өткізіледі.

РКС: Ұлы тұлғалар тұтынған бұйымдар, көне¬ден жеткен баға жетпес қымбат қазы¬наны көзбен көрудің әсері - расында да бөлек. Жылына бір рет ұйымдастырылатын тегін мәдени акцияның мақсаты да сол. Халықтың қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеу. Кешке келген жұртшылық тарихи жәдігерлермен танысып, рухани әсер алып тарқасты.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ