ДИКТОР: Ақмолалық каратэшілер кезекті мәрте жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Каратэ-до шотоканнан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында өткен республикалық «Shymkent Open» турнирінде үздіктер қатарынан көрініп, жеңіспен оралды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жеңімпаздарды теміржол вокзалынан туғандары мен жанкүйерлері сән-салтанатпен қарсы алды. Әсіресе, сыныптастарының жеңісіне ортақтасуға келген оқушылардың қатары көп. Олар жас спортшыларды зор ықыласпен қарсы алып, жылы лебіздері мен ақжарма тілектерін арнады.
СНХ: ПЕРИЗАТ ТҰРЛЫБАЕВА, №9 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: 7 «Ә» сынып оқушысы Хамитова Әдемауды қарсы алуға келдік.
СНХ: АРАЙЛЫМ АҒЫСХАН, №9 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Ол біздің құрбымыз және сыныптасымыз. Ол біздің сыныбымызға қамқор және мейірімді қарайды. Ол каратэмен ғана айналыспай, бимен де айналысады.
- Біз алдағы уақытта оның жеңістеріне сәттілік тілейміз.
- Жеңісмен келген балаларды күтіп алып жатыр. Ата-аналары және аталары мен әжелері келіп, достары, сыныптастары келіп, оларды құттықтап жатыр. Көңіл күйлерінің бәрі күшті. Олар өте керемет көңіл күймен бүкіл балаларды, олардың ағайларын бәрін қарсы алып отыр.
РКС: Ауқымды додаға еліміздің 15 облысынан жиналған 200-ден астам каратэші бақ сынады. Турнирге Ақмола облысының намысын қорғау үшін 27 спортшы аттанған. Жерлестеріміз жоғары дайындық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды. Командалық сайыстарда да үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қарсыластарынан басым түсті.
СНХ: АЙЖАН ҚОПАШ, КАРАТЭ-ДО ШОТОКАННАН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Біздің спортшыларымыз 3 алтын, 3 күміс, 3қола медаль жеңіп алды. Юниорлар және жасөспірімдер арасында бізде 8 алтын, 4 күміс, 12 қола медал бар. Барлығы медальдар жеңіп алды. Өз өнерін жақсы көрсетті. 1 спортшы 2, 3 мәртебеден медальдар жеңіп алды. Біздің спортшыларымыз жақсы өнер көрсетті, мақсаттарына жетті.
РКС: Үздік өнер көрсеткен спортшының бірі – Аманжол Жанабаев. Каратэмен айналысып жүргеніне 10 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында түрлі жарыста топ жарып, тәжірибе жинақтаған. Бұл жолғы додада да жоғары нәтиже көрсетіп, жекелей кумитэде чемпион атанса, ката бағдарламасында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
СНХ: АМАНЖОЛ ЖАНАБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Бізде 4 программа болды. Екі жеке, содан соң командалық болды. Командалықта біз командалық кумитэден 3-ші, командный катадан 1-ші орын алдық. Ал жекелікте мен кумитэ 18-20 жастағы ерлер аралығында 1-ші орын алдым. Ката бойынша 3-ші орын алдым. Жекпе-жектер өте қиын болды. 15 облыстан мен 7 бой өткіздім. 7 бой өте қиын болды. Өйткені залдың іші ыстық болды. Финалға өз командамның баласымен шықтым. Қарсыластарым боймен емес, техникамен де менен үлкенірек болды.
РКС: Бапкерлердің айтуынша, бұл жетістік – жүйелі еңбектің жемісі. Алдағы мақсат – халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсету.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ