ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығы мен тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жылдығына орай ұйымдастырылған солтүстік өңірлік спартакиада өз мәресіне жетті. Додаға Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының командалары қатысты. Қатысушылар спорттың төрт түрі бойынша бақ сынады.

РКС: Екі күнге созылған жарыста командалар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі және шахматтан өзара мықтыны анықтады. Сайысқа қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе командалық спорт түрлерінен өткен кездесулер әсерлі болды.

СНХ: ҚАНАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мен өте ризамын, біздің қонақтармыз – Солтүстік Қазақстаннан келген, Қостанайдан келген спортшыларымызға алғысымды білдіремін. Ақмола облысы біз волейбол, футбол – командный иградан 1-ші орын алып отырмыз. Ойынға 2 ай дайындалдық. Соның нәтижесінде міне бірінші орын алып отырмыз.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҒАЛЫМОВ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ): Мен өзім волейбол және шағын футбол бойынша қатыстым. Көкшетау күшті қала, бізге бәрі ұнады. Спорткомплекстарыңыз да жақсы. Және спартакиада үлкен дәрежеде өтті.

РКС: Айта кетейік, мұндай форматтағы өңірлік спартакиада Жоғары аудиторлық палатаның қолдауымен алғаш рет өткізілуде. Ал жарыстың басты мақсаты - сала қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: САМАТ ӘБДІРАХМАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2018 жылы Ақтөбе қаласында республикалық сайыс болған. Жоғары аудиторлық палатаның қолдауымен биыл осы өңірліктен бастап, сайыстар 1-ші рет өткізіліп отыр. Әрине, Президентіміздің Жолдауында да халықтың спортқа деген денсаулықта жақсартуға байланысты өз үлесімізді қосып жатқан жайымыз бар.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы волейбол мен шағын футболдан бірінші орын иеленді. Сондай-ақ қыздар арасындағы үстел теннисінен де үздік нәтиже көрсетті. Енді өңірлік кезеңде үздік атанған командалар республикалық спартакиадада бақ сынайды. Қатысушылар арнайы грамота, кубок және медальдармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ