ДИКТОР: Поляктардың жер аударылуы жайындағы деректер «Қазақстанның ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты жеті томдық академиялық жинағына енгізілетін болды. Бұл туралы Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» алаңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел басындағы кездесуде айтылды. Осы тақырыпты жылдар бойы мұрағат құжаттарынан зерттеп, жер аударылған отбасы өкілдерінің өз ауыздарынан естіген профессорлар мен поляк этномәдени бірлестігінің өкілдері көрген-білгендерін ортаға салды.

РКС: Дөңгелек үстел басына поляктар, тарихшылар, қоғамдық бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының өкілдері жиналды. Қатысушылар Солтүстік Қазақстанға мыңдаған поляктар жер аударылған 1936 жылғы оқиғаларға ерекше назар аударды. Зерттеушілердің айтуынша, көп жылдар бойы бұл тақырып қаралмай келген, тек еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап қолға алынды.

СНХ: НАТАЛЬЯ НАГАЧЕВСКАЯ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛЯКТАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінгі кездесу саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың 90 жылдығына арналып отыр. Бұл күн біз үшін өте ауыр күн саналады,кейінгі ұрпақ осы тарихи деректерді біліп, нақты ақпаратқа сүйенсе екен дейміз. Евразия университетінің ғалымдары, тарихшылары ұзақ уақыт бойы мұрағат құжаттарымен жақын танысқаны бізді қуантады. Соның арқасында Солтүстік Қазақстанға поляктардың жер аударылу тарихы жайында академиялық курс құрылды. Осындай көлемді жұмыс жүргізгендеріңіз үшін басымды иіп, алғыс айтамынз. Алдағы уақытта мұндай сұмдық оқиғалар қайталанбауын тілейміз.

РКС: Қазақстанның тарихшылары мұрағат материалдарын зерттеп, жер аударылғандардың ұрпақтарымен кездесіп, естеліктер жинаған. Сонымен қатар поляк зерттеушілерімен де тығыз байланыс орнатқан. Бұл зерттеу еңбектер Қазақстан тарихы академиялық басылымына енгізіледі.

 СНХ: АРАЙЛЫМ МҰСАҒАЛИЕВА, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Қазақстанда бұл депортация тақырыбы өте жақсы зерттеледі. Көптеген тарихшылар бұл туралы зерттеп жатыр. Қазір бізде осы Қазақстан тарихы деген жеті томдық академиялық басылым дайындалып жатыр. Сонда соғысқа дейінгі депортация тақырыбына қатыстым. Соны жазуға онда біз осы поляктардың және валын немістерін Қазақстанға жер аударылуы туралы арнайы айтып өтеміз. Биыл депортация 90 жыл болып отыр.

РКС: 1936 жылы Қазақстанға 68 мың поляктар мен волынь немістері жер аударылып, оның басым көпшілігі еліміздің солтүстік өңіріне жеткізілген. Бүгінгі күні олардың ұрпақтары Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Бұл жинақ арқылы кейінгі толқын тарихи оқиғалармен жете танысып, ақтаңдақ беттердің ақиқатына көз жеткізе алады,-дейді зерттеушілер.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ