ДИКТОР: Көкшетауда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ана – отбасының берекесі, қоғамның тірегі» атты іс-шара болып өтті. Оған көршілес облыстардан да қонақтар көптеп жиналған.
ИНТЕРШУМ
РКС: «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі осыдан 5 жыл бұрын құрылған. Бірлестік мүшелері бүгінде өңір өңірді аралап, түрлі кездесулер ұйымдастыруда. Кең көлемде өткен іс шараға аналар қоғамының өкілдері, білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, жастар көптеп шақырылған. Мақсат өмірде мол тәжірбие жинаған аналар ойларын жастармен бөлісу.
СНХ: АЙНҰР ЖҮГІНІСОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Әйел қателессе өзіңіз білесіз өмірдің де күйі кетеді да. Ол әйелдің көңілін жайланыру үшін әйел аналармен жас аналармен кездесіп жатқан жайымыз бар. Скл осы 5 жыл ішінде қазақтың қазақтануына көп үлес қостық десек артық айқанымыз болмас. Ұлттық киімді трендке айналдырдық. Шеберлер, қолөнершілер, мынау дизайнерлердің жұмыстарының жүруіне үлесімізді қосып жатырмыз.
РКС: Қоғамдық бірлестік мүшелері мектеп, балабақша ұжымдарымен де жиі кездесіп, жас өренге ұлттық сананы, салт-дәстүрді бойына сіңіруге үлес қосуда.
СНХ: ФАРИДА ХАМИДҚЫЗЫ, ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ: (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ): Біздер Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданынан келіп тұрмыз. Қазақтың кең байтақ жерінде бір іс шара өтейін деп жатыр. Айтады ғой қазақтың әкесі тарих, қаруы салт дәстүр, анасы тіл деп осыдай бір салт дәстүрлерімізді дәріптеп жүрген әжелер болып, осы іс шараға қатысайық деп келдік.
РКС: Жазғы демалыс орнында жүн түту, жіп иіру сияқты қазақтың ұлттық өнері мен дәстүрі көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Қолөнер бұйымдары мен тамақ түрлерінің көрмесі де қойылған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ