ДИКТОР: Биыл Ақмола облысында 20 мыңға жуық оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Оның 1700-і тегін жолдамамен қамтылып отыр. Өңірдегі 14 сауықтыру орталығы жазғы маусымға дайындықты күшейткен. Демалыс орталықтарында жергілікті балалар ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен келетін балғындар да тыныға алады. Соның 15 мыңға жуығы – Ақмола облысының оқушылары.

РКС: Зерендідегі бұл сауықтыру орталығы жазғы маусымда 2 мыңға жуық баланы қабылдауды жоспарлап отыр. Алғашқы ауысымдағы оқушылар маусым айының басында келеді. Орталық қызметкерлері демалыс аймағын толықтай дайындап, балаларға арналған арнайы бағдарламалар әзірлеген. Мұнда ойын-сауық шараларымен қатар, оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын зияткерлік ойындар өткізіліп, түрлі экскурсиялар мен саяхаттар ұйымдастырылады.

СНХ: САЛТАНАТ ӘЛИ, САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Балалар лагерьде өзіндік көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, білімге сонымен қатар интелектуалды ойындарға және де қазіргі уақытта дамып жатқан жасанды интеллект бағдарламалары аясында өз білімдерін толықтырады. Негізі бұл жобалардың бәрін біз жазғы маусымда арнайы ашып отырған себебіміз балалар өздерінің жазғы демалыстарын өте көңілді өткізіп, бір жағынан қазіргі уақытта заманға сай, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру.

РКС: Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл аймақта 1700 баланы тегін сауықтырумен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 121 миллион теңге бөлінді. Ал қалған жолдамалар ата-аналар үшін ақылы негізде ұсынылады. Демалыс орталықтарының бағасы өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Биыл лагерьлердегі жолдама бағасы 70 мың теңгеден басталады.

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕНБІ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Біздің жоспарымыз бойынша, биылғы жылы 97 % бала демалыспен қамтылатын болады. Лагерьлер өздерінің бағдарламасы бойынша балаларды интеллектуалды жағынан, өздерінің уақытын дұрыс өткізу жағынан қамтитын болады. Ең бірінші біз тоқталатын болсақ, олпр салт-дәстүрді дәріптейді. Балаларға арналған киіз үйлер құрылады. Біздің ұлттық тағамдарымыз дәріптелетін болады. Одан кейін қазіргі кезде балаларға қызығы ол жасанды интеллект тақырыбы. Сол бойынша да, лагерьде жұмыс істейтін қызсеткерлердің төңірегінде олардың бағдарламалары жасалатын болады.

РКС: Балалар үшін 300-ге жуық демалыс алаңы ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқушыларды мектеп жанынан ашылатын 497 лагерь қабылдайды. Солардың бірі – IT мектеп-лицейі базасындағы жазғы лагерь. Бұл демалыс алаңы 2018 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.

СНХ: АҚЖАРҚЫН ОСПАНОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы уақытта бізде It-ландия мектеп алды лагері, сондай-ақ 5-6-7 сыныптар үшін summer lub лагерьі жұмысын іске асыру жоспарлануда. Қамтылатын бала саны It-ландия бастауыш сыныптары үшін 100 бала қамтылу жоспарлануда, ал орта буындағы бала санын қамту бізде 60 бала жоспарлануда. Біздің ұйымдастырайын деп жатқан лагерьлер it, stem, робототехника бағыттары бойынша шығармашылық, сондай-ақ цифрлық технология, жасанды интеллект қолдану арқылы түрлі жобалық жұмыстармен айналысу жоспарлануда.

РКС: Биыл балалардың жазғы демалыс орындарына қойылатын талаптар күшейе түсті. Енді сауықтыру лагерьлеріне лицензия бір жылға емес, бес жыл мерзімге рәсімделеді. Жаңа ереже 1 сәуірден бастап қолданысқа енді. Ал өңірдегі лагерьлердің лицензиясын тексеру шаралары 1 мамырдан басталады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ