ДИКТОР: Бүгін – халықаралық отбасы күні. Атаулы датаға орай елімізде жыл сайын дәстүрлі «Отбасы ағашы» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Көкшетауда өткен игі шараға 40-қа жуық отбасы қатысып, 55 түп ағаш отырғызды.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Атадан мал қалғанша, тал қалсын деген сөз бар. Қазақ халқының дүниетанымында ағаш отырғызу - сауапты әрі игі істің мәңгілігін білдіретін киелі дәстүр. Бүгін Отбасы күніне орай осы құндылықты дәріптеп жүрген отбасылар «Арқар» мүсіндік композициясы аллеясында жасыл желек отырғызу акциясына атсалысты.
СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі шараға отбасымызбен қуана қатысып отырмыз. Бұл туған өлкеміздің көркеюіне қосылған шағын болса да, маңызды үлес деп білемін.
РКС: Берекелі шаңырақ пен тамырлы әулет қашанда көпке үлгі. Осындай өнегелі отбасының бірі - Хамзиндер әулеті. Отбасының ақсақалы Ғалымжан Хамзин саналы ғұмырын орман шаруашылығы саласына арнаған жан. Сондықтан табиғатты аялаудың қадірін терең түсінеді.
СНХ: ХАМЗИНДЕР ӘУЛЕТІ: Қазақ халық бұған мән беріп терең қараған. Бүгін міне, қарағай шыршасын отырғыздық. Ол 100-150 жыл өмір сүреді. Сондықтан біздің бүгін отырғызған ағашымызды немере-шөберелеріміз келіп, суаруға келеді деген үміттеміз. Отбасымен отырғызған ағаш өте ыстық болады. Бір тал егілсе де, оның өзі елге жақсылық әкеледі деп отырмын.
РКС: Шара барысында Хамзиндер әулеті жаңа отау құрған жас отбасыға қазақы дәстүрдің символы саналатын киіз үйді сыйға тартты. Сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген бір топ отбасы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Осылайша, табиғатты аялау мен отбасылық құндылықтарды қатар дәріптеген игі шара аясында 55 түп ағаш көшеті отырғызылды.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ