ДИКТОР: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап тарихи Отанына оралуға ниет еткен қандастардың легі әлі де тоқтаған жоқ. Былтыр Ақмола облысына 300-ден астам қандас оралды. Олардың қатарында ағайын-туысты жиып, әулет болып көішп келгендер де бар. Қазір олар түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуы мен ілгерілеуіне өз үлестерін қосып келеді.
РКС: Шолпан Набидолда осыдан екі жыл бұрын Моңғолия елінен қоныс аударды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. "Балаларымның өз елінде ер жеткенін қаладым", - дейді ол. Бүгінде мемлекеттің қолдауымен Красный Яр ауылынан 3 бөлмелі үй алып, тұрақты жұмысқа орналасқан.
СНХ: ШОЛПАН НАБИДОЛДА, ҚАНДАС: Қандас мәртебесін алдым. Квотаға тапсырдым. Құжаттарым 1 айдың ішінде бітіп үй алдым және жол ақысын алдым. Жақсы, жақсы көмектер көрсетті үкімет. Қазіргі таңда Шоқан Уәлиханов университетінде жұмыс жасап жүрмін. Үкіметтін арқасында барлығы да жақсы.
РКС: Ал қандастарға баспаналы болу үшін соңғы алты айдағы тұрақты табысын көрсетіп, мемлекет тарапынан 1625 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмекқаржы ала алады. Биыл осы мүмкіндікке 67 азамат қол жеткізді.
СНХ: БЕГЕЛДІ МУСИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қандастар елге оралғаннан кейін тиісті құжаттарды жинап, квотаға өтініш бере алады. Квотаға енгізілгеннен кейін ғана мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Алғашқы көмек көшуге байланысты субсидиялық төлем. Яяғни шекарадан өткен кезде жұмсаған шығындары өтеледі. Әр отбасы мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді. Кейін қоныстанып, үй немесе пәтер жалдаса, біз тұрғын үйді жалдау шығындарын да толығымен өтейміз.
РКС: Мемлекет елге оралған қандастардың шығынын өтеп, баспаналы болуға мүмкіндік беруде. Былтыр өңірде бұл мақсатқа 300-ден астам квота бөлінген. Осылайша, көші-қон саясаты мен еңбек нарығын реттеу үшін ниет білдіргендерді барынша қолдап отыр.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ