ДИКТОР: Сәуірдің 1-нен бастап елімізде мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді. Іріктеу жүйесі онлайн форматқа ауыстырылып, конкурс мерзімі қысқартылды. Үміткер конкурсқа қатысу үшін қандай портал арқылы өтінім бере алады? Іріктеу неше күнде аяқталады? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: Мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу 2 кезеңнен тұрады. Яғни, заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау тесті. Сынақ 55 сұрақты қамтиды. Тестілеуден өту үшін кемінде дұрыс 30 жауап жинауы қажет. Үміткер әр заң бойынша кем дегенде 5 сұраққа дұрыс жауап беруі тиіс. Тест нәтижелері бір жылға дейін жарамды. Барлық құжат онлайн түрде тапсырылады. Жаңа жүйе конкурс өткізу мерзімін де қысқартты. Енді іріктеу 5-7 жұмыс күні ішінде аяқталады. Бұл конкурстан Жолдасхан Қазтаев та өтіп, мемлекеттік қызметке қабылданды.
СНХ: ЖОЛДАСХАН ҚАЗТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мен "eQyzmet.gov.kz" порталы арқылы онлайн режимде конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, лауазымға тағайындалдым. +скл00:30+Конкурстық рәсімдер шамамен 7 күн ішінде аяқталды. Бұл кандидат үшін де, +скл+мемлекеттік орган үшін де уақыт шығынын айтарлықтай азайтып, кадр тапшылығы мәселесін жылдам шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жүйе кандидаттарды құжат жинау міндетінен босатып, іріктеуге қатысу үшін қолайлы жағдай жасап отыр.
РКС: Қазір мемлекеттік қызметке теориялық білім ғана емес, сонымен қатар заманауи ойлау, цифрлық сауаттылық, жауапкершілік және қоғаммен тиімді байланыс орнату білу қабілеті де қажет. Осындай талаптарға сай келетін жастарды мемлекеттік қызметке тарту - заман талабы. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары оқу орнын үздік үлгеріммен аяқтаған түлектерді GPA көрсеткіші негізінде конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындау тетегі ерекше маңызға ие. Осылайша, академиялық дайындығы жоғары, белсенді әрі әлеуеті бар жастарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Айғаным Қабыш 2024 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін үздік тәмамдап, мемлекеттік қызметкер болуға бел буды. Ол конкурссыз іріктеуден өтіп, бүгінде армандаған мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр.
СНХ: АЙҒАНЫМ ҚАБЫШ, АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Бұл мүмкіндік менің мемлекеттік қызметтегі алғашқы баспалдағым ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіп саласының қыр-сырын іс жүзінде меңгеруіме жол ашқан үлкен жауапкершілік болды. Қазіргі уақытта мен Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы +скл+лауазымын атқарамын. Мен сияқты жас маман үшін бұл үлкен жауапкершілік.
РКС: Мұндай бастама мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыруға, жастардың әлеуетін ел игілігіне жұмылдыруға және өңірдегі кадр тапшылығын шешуге мүмкіндік беріп отыр.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ