ДИКТОР: "Таза Қазақстан" акциясы аясында Зеренді ауданы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. "Туған елдің тазалығы - елдің абыройы" тақырыбындағы экологиялық акцияға 300-ден астам адам қатысты. Тілшіміз Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: "Туған елдің тазалығы - елдің абыройы" экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары Зерендідегі "Восточный" көшесінің бойын қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Сонымен қатар, 100-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.
СНХ: СЕРІК БАЙМҰРЗИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл "Таза Қазақстан" акциясы міне 2 жылдан бері еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жасалып келе жатқан өте игі іс. Ағаш көшеттерін отырғызу, аула тазалау, көшелерді тазалау мәселелеріне біз ауыл тұрғындары қатысудамыз. Осындай істер өскелең ұрпақтарға үлгі, өнеге болса екен деп тілейміз. Тәлім-тәрбие отбасыдан басталады. Сондықтан да, ауламыздың таза, көшеміздің таза, табиғатымыздың таза, суымыздың мөлдір суы болуына және де осындай қоқыстарды шашпауға әрқашанда біз атсалып, ел тұрғындарының арасында жұмыла істер атқарудамыз.
РКС: Бұл бастама тек қоқыс жинау емес, қоғамның табиғатқа деген көзқарасын өзгертуді көздейді, - дейді Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин.
СНХ: ӘСЕТ ҚҰРМАНҒОЖИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жылдың басынан бастап осы акиця аясында 100-ден астам экологиялық акция өткізілді. Оған 3 мыңнан астам адам қатысты. 1,5 мың тоннадан артық қоқым жиналып, шығарылды. Бұл акцияның мақсаты тек қана көшелерді жинап, қоқыс шығару емес. Бұл акцияның негізгі мақсаты адамдардың сана-сезіміне осы "Таза Қазақстан" идеясын қондырып, еліне деген, жеріне деген жаңашылдығын арттыру.
РКС: Экологиялық акцияға волонтерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары және мұғалімдер мен оқушылар да қатысты. Игі шараны қолдауға №1 орта мектептен 30 оқушы арнайы келіпті.
СНХ: НИКИТА ВЯЛОВ, №1 ЗЕРЕНДІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: "Таза Қазақстан" - жай ғана тазалық жұмысы емес. Бұл акция арқылы адамдар Отанына деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Патриотизм бос сөзбен емес, іспен дәлелденуі керек. Ал, бұл игі шара нақты іс-әрекетке шақырады. Мұндай акциялар Қазақстан экологиясы мен Зеренді ауданының қоршаған ортасы үшін аса маңызды. Еліміз әрдайым таза ел болып қалуы керек. Ал, бұл біздің қолымызда.
СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Дәл осы акцияға 250-ден астам волонтер қатысып отыр. Алдағы уақытта да мұндай акциялар бізде белсенді түрде жалғасады деген нық сенім бар. Бұл жерде әрбір волонтер ағаш отырғызып жатқан кезде, болмаса өзінің өлкесін тазалықта. Яғни, қоқыстан тазартып жатқан кезде өздерінің туған өлкесіне деген махаббаты, ыстық сезімі, өскелең ұрпаққа деген өзінің өнеге-тәрбиесін береді деген ойдамын.
РКС: Аудан көлемінде мұндай экологиялық іс-шара апта сайын өткізілмек.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ