ДИКТОР: Өңірде «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және күзгі егін жинау науқандарына қаржы бөлу жалғасуда. Төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиеге өтінім қабылдау 1 қарашада басталды. Бұл қаражат шаруаларға тұқым, тыңайтқыш пен жанар-жағармайды алдын ала сатып алуға мүмкіндік беріп, жақсы өнім алуға негіз қалайды.
РКС: Сандықтау ауданындағы серіктестік «Кең дала-2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс науқанын өткізу үшін 300 миллион теңге алды. Дәнді, майлы және бұршақты дақылдар өсіретін кәсіпорын бұл қаражатқа жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштар сатып алды. Сондай-ақ егістікті арамшөптерден химиялық қорғауға арналған гербицидтер алынған.
СНХ: МАГОМЕД-САЛИ АБУЕВ, «СХП 1 МАЯ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір егіс алдындағы жұмыстарды бастадық, ылғал жабу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы жер көлеміміз 3 мың 300 гектар. Барлық алқапта толықтай ылғал жабу жұмыстарын жүргіземіз. Кейін егіс алдындағы өңдеу болады. Жер дайын болған кезде егін егеміз. Тыңайтқыштарды толық енгіземіз. Несиені «Атамекен» несиелік серіктестігі арқылы алдық. Ауданда өзіміз құрған несиелік серіктестігіміз бар. Сол арқылы жыл сайын 5 процентпен несие аламыз. Негізгі дақылдарымыз бидай, майлы дақылдардан зығыр мен рапс, жасымық өсіреміз.
РКС: Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалдары көктемгі егіс науқанына шаруаларға 50 миллиард теңге бөліп үлгерді. Тағы 50 миллиард көлемінде қаржы беру жоспарланып отыр. Қолдауға 700-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші жүгінген. Ал жаңа өтінімдердің көлемі 6,5 миллиард теңге.
СНХ: ӘНУАР ҚАЙЫРБЕКОВ, АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бағдарламаның негізгі шарттары жылдық 5 пайыздық мөлшерлеме және 18 айға дейінгі мерзім. Шаруа өтінімді Аграрлық несие корпорациясының филиалдары арқылы да, екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы да бере алады. Қазір Ақмола облысына осы мекемелер арқылы шамамен 80 миллиард теңге бөлінді. Бағдарламаның белгілі бір талаптары бар, осыған сәйкес жобаларды іріктеп, қаржы бөлеміз.
РКС: Аграршылар тұқым мен тыңайтқыштарды алдын ала сатып алып, техниканы дайындау үшін жеңілдетілген несиеге өтінім беруді жалғастыруда. Айта кетейік, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаражатты қайтару екі кезеңде жүзеге асырылады. Алғашқы 50 пайызы қарашада, қалған бөлігі ақпанда төленеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ