ДИКТОР: Облыста «Бастау Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы қарқын алуда. 2024 жылы 22 адамға қаржылық көмек көрсетілсе, былтыр өңірдің 32 тұрғыны қаржылай жеңілдікке ие болды. Жоба өз ісін ашқысы келетін халықтың осал тобын қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушыларға бизнесті іске қосуға мемлекеттік гранттар беріледі. Бір гранттың мөлшері 1 миллион 730 мың теңге.
РКС: Бағдарламаға жұмыссыз азаматтар, кемінде үш жыл бұрын тіркелген жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының өкілдері қатыса алады. Ол үшін Business.enbek.kz. порталында кәсіпкерлік негіздерін оқу қажет. Талапкерлер жеке жобаны әзiрлеп және оны ойдағыдай қорғау қажет.
СНХ: МИРА МҰХАНБЕТЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Біз оларға ең басынан бастап, яғни, enbek.skills арқылы қалай оқу керектігін туралы ақпарат береміз, олар өздерінің ЭЦҚ-кілті арқылы міндетті түрде оқудан өтуі тиіс. Белгілі бір кезеңнен кейін, барлық курстардан аяқталған соң олар сертификат алады. Осыдан кейін бізде портал басталады. Портал мамыр айының соңында, маусым айының басында ашылады. Кез-келген грант алушы үйде компьютерде отырып, онлайн өтініш бере алады.
РКС: Айман Тәжмиева былтыр мемлекеттік грантты жеңіп алып, жеке сұлулық салонын ашты. Ол оқу курсынан өтіп, бизнес-жоспарды дайындап, қорғады. Ақшалай қаражат алғаннан кейін қажетті жабдықтар мен коммерциялық нысан сатып алған. Бағдарламаға ол мүгедек баланың анасы ретінде қатысты.
СНХ: АЙМАН ТӘЖМИЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Осындай жобаға қатысу, өз бизнесін ашу мүмкіндігі, бастапқы капиталы және халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетіп отырған қолдауы үшін мемлекетке, мансап орталығына алғыс айтқым келеді. Мен өзім мүгедек баланың анасымын және өз ісіңді бастауға және өзіңе ұнайтын бағытта дамуға тамаша мүмкіндік деп ойлаймын.
РКС: Биыл бағдарламаға қатысуға өтінімдер мамыр айының соңында қабылданады. Маусымда оқудың бірінші курсы ашылады, ал тамызда екінші ағын басталады. Бағдарлама өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізіп қана қоймай, әлеуметтік осал санаттағы адамдарға қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге, өз идеяларын іске асыруға және өмірді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.