ДИКТОР: Жарқайың ауданында аса қауіпті зиянкестер мен карантиндік нысандарға қарсы күрес мәселелеріне арналған көшпелі жедел штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин мен сала мамандары қатысты. Басқосуда өңірдегі фитосанитарлық ахуал, мониторинг жұмыстары, арнайы техникалардың дайындығы және химиялық өңдеу науқанының барысы талқыланды.

РКС: Зиянкестер ошағын ерте анықтау - егістік алқаптарын сақтап қалудың негізгі тетігі. Осы ретте биыл мониторинг жұмыстары күшейтіліп, химиялық өңдеу шаралары ауқымды көлемде жүргізілмек. Штаб отырысы барысында заманауи бүрку техникалары мен ұшқышсыз авиациялық жүйелердің мүмкіндіктері таныстырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Зиянкестермен күрес - ел көлеміндегі маңызды бағыттардың бірі. Өйткені бұл тікелей азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етеді. Биыл республика бойынша 2 миллионнан астам гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізу жоспарланып отыр.

СНХ: САЯТ САҚМОЛДИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы биыл шегірткемен күрес жұмыстары 2 млн 204 мың гектар жерде жүргізу жоспарланып отыр. Былтырғымен салыстырғанда 500 гектарға төмен. Бүгінде бұл бағытқа 7,1 млрд қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Мердігер компаниялар анықталып, келісім шарттар жасалды. Жалпы биыл өңдеу шараларына 3400 ге жуық зерттеушілер тартылып отыр.

РКС: Ал аймақтағы ахуалға тоқталсақ, былтыр жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде зиянкестердің таралу аумағы едәуір қысқарған. Дегенмен биыл да қауіп сейілген жоқ. Әсіресе мамандар көршілес Қостанай облысынан италиялық прустың көшу қаупіне алаңдаулы. Осыған байланысты Жарқайың ауданында химиялық өңдеу көлемі ұлғайтылып отыр. Жалпы қазір аймақта шегірткеге қарсы шаралар күшейтілген. Зиянкестер ошағын жоюға 42 мың гектардан астам аумаққа химиялық өңдеу жүргізілмек.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҚОЖАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өңдеу жұмыстары аэрозольдік генераторлар арқылы жүргізіледі. Қорғаныс шараларына 184 маман жұмылдырылады. Сондай-ақ 127 бірлік автокөлік тартылады.Облыста 66 жұмыс тобы құрылып, әр ауданда жедел штабтар жұмыс істейді. Қазіргі таңда шегірткетектес зиянкестермен күрес мақсатында барлық аудандарда жедел штаб отырыстары өткізіліп, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары жергілікті атқарушы органдармен және әдістемелік орталықпен бірлесіп әзірленіп, бекітілген.

РКС: Жиын қорытындысында штаб мүшелері мониторингті күшейтіп, қорғаныс шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігін айтты. Ал аудан аграршылары техникалық жарақтандыруды жетілдіру мен сала қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ