ДИКТОР: Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы палатасы мен тексеру комиссиялары арасындағы республикалық спартакиада аясында солтүстік өңірлерінің іріктеу кезеңі басталды. Екі күнге созылатын жарыс спорттың 4 түрінен өткізіліп жатыр. Спартакиаданың салтанатты ашылуына тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Спартакиаданың салтанатты ашылуына Қостанай, Солтүстік және Ақмола облыстары тексеру комиссияларының төрағалары, Ақмола облысы құқық қорғау органдарының бастықтары қатысты. Аймақ басшысының бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қатысушыларды облыс әкімінің атынан мерейтойларымен құттықтады.

СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Еліміздің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің жоғарғы мәртебесін көтеріп жүрген барша жандарды қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Құрметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасының және тексеру комиссияларының өкілдері. Сіздерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасының құрылғанына 30 жыл және тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл толуымен шың жүректен құттықтаймын. Баршаңызды зор денсаулық, баянды бақыт, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, қоғам игілігімен еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізді толайым табыс тілеймін.

РКС: Екі күн бойы солтүстік өңірлердің командалары волейбол, футбол, шахмат пен үстел теннисі сынды спорт түрлерінен бақ сынасады. Іріктеу кезеңінде жеңімпаз болып танылғандар күзде өтетін республикалық жарыстарға жолдама алады.

СНХ: ҚАНАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Республикалық деңгейде Астанада осы жылдың қыркүйек айында өтеді. Жеңімпаздары өңірлерден келіп, қатысады соған. Сәттілік тілеймін бәріне. Бүгін қатысып отырған спортшыларға еңбектері қашанда жемісті болсын. Бұл жай турнир емес, бір-бірімен тәжірибе алмастыру, таныстыру. Бүгін волейболдан бастаймыз, футбол болады. Ертең шахматы, настольный теннис болады.

СНХ: МҰРАТ РАҚЫМЖАНОВ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ): Осы шараға шамамен екі айдай дайындалдық. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссияның 18 қызметкері қатысып жатырмыз. Жеңіске жетуге дайынбыз. Тек ашылу салтанаты кезінде командамызға жанкүйер болып жатқанын көргенде, аздап қысым сезіледі. Жеңеміз деп ойлаймын.

РКС: Республикалық спартакиаданың алғашқы ойынында ақмолалықтар волейболдан Солтүстік Қазақстан облысынан келген командасымен кездесті. Ойын қорытындысы бойынша ақмолалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші ойында 2:1 есебімен Қостанай командасын жеңді.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ