ДИКТОР: Халықаралық отбасы күні қарсаныңда Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасында "Отбасы - алтын ұя" атты кездесу ұйымдастырылды. Мұнда колледж студенттеріне отбасы құндылықтары дәріптеліп, көпке үлгі болған өнегелі жанұяларға құрмет көрсетілді. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: Отбасы құндылығы - ұлт қазынасы. Өрелі ұл, өнегелі қыз өсіріп отырған отбасының бірі - Түлешовтар жанұясы. 19 жыл бұрын отау құрып, бүгінде 4 бала тәрбиелеп отыр. Берекелі отбасының сыры - әр сәтте бір-біріне сүйеу бола білуінде.
СНХ: ДӘУРИЯ ТҮЛЕШОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Ең бірінші сақталатын нәрсе - ол бірін-бірін тыңдай білу керек. Бірін-бірін сыйлау білуі керек. Өмір оңай болмайды. Сондықтан да, бір-бірінді тыңдап, әр нәрсеге ақылмен келуге кеңес беремін. Бір-бірімен ақылдаса отырып, ортақ шешім қабылдаған кезде ғана жақсы отбасы болады деген ойдамын.
РКС: Ал, Бекеновтар әулеті 3 бала тәрбиелеп отыр. Зарина Нұртай отбасының ортаншысы. Отбасы күні қарсаңында ұйымдастырылған мұндай кездесулердің жастар үшін тәрбиелік мәні зор, - дейді ол.
СНХ: ЗАРИНА НҰРТАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Іс-шара бізге өте қатты ұнады. +скл+Отбасы дегенде ең бірінші білім алатын, тәрбие алатын жер. Яғни, отбасыдан біз сүйіспеншілікті, адамгершілікті, тәрбиені меңгеріп, сол жерден +скл+ала-аламыз.
СНХ: ЭЛЬМИРА АБДУЛЛАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Іс-шараның мақсаты жалпы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру және үлгі көрсету. Енді қазір білеміз жиырма бірінші ғасырда көп ажырасу деген сияқты өзекті мәселелер болып жатыр. Сол себепті, яғни отбасылардағы болып жатқан құндылықтарды дәріптеу. Жалпы, іс-шара өте жақсы өтті.
РКС: Отбасы - шағын мемлекет. Оның өсіп-өркендеуіне отбасындағы әр адам жауапты. Отбасылық құндылықтарды сақтау, қоғамның басты мәселесінің бірі. Отбасы күніне орай облыс аумағында тағылымды шаралар легі әлі де жалғасады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ