ДИКТОР: Биыл қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жазушы Олжас Сүлейменовтің туғанына - 90 жыл. Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай "Олжас Сүлейменов - сөз бен сана биігі" атты дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері мен Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
РКС: Олжас Сүлейменов 1936 жылы мамырдың 4-і Алматы қаласында дүниеге келген. Ол қазақ халқының ғана емес, әлемдік әдебиеттің ұлы тұлғасы. Оның 1961 жылы жарық көрген "Адамға табын жер енді" атты поэмасы адамзаттың ғарышқа сапарын ұлықтаған теңдесіз туынды. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің дамуына Олжас Сүлейменовтің қосқан үлесі зор. Жиын барысында Олжас Омарұлының шығармашылығы, өзіндік болмысы, ел дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды. Шығармаларынан үзінді де оқылды.
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2 айдың ішінде жаңағы "Адамға табын жер енді" деген поэманы жазып шығады. Орыс тілінде жазып тұр. Ол поэмасы одан сайын үлкен дүрмекке әкеледі. Бәрі дүр ете қалады. Сүйтіп оны Америкаға шақырады. Америкаға барып университетте сөз сөйлеп, өз өлеңдерін оқиды. Одан Москвада оқиды. Одан Парижде оқиды. Сөйтіп, Олжас бір-екі айдың ішінде әлемге әйгілі қазақтың орыс тілді ғаламат ақыны болып шығады. Олжастың орысша жазған өлеңдерінің бәрінде қазақтың рухы, түркінің рухы, түркінің қайсарлығы, түркінің мәдениеттері, көзқарастары, ұстанымдары.
РКС: Олжас Сүлейменов кино саласында да өзіндік із қалдырды. Оның жазған сценарийі бойынша бірқатар фильм түсірілген. Атап айтқанда, "Атамекен", "Үндістан", "Көгілдір маршрут" және "Мұхтар Әуезов туралы сөз". Олжас Сүлейменов жайлы тың ақпараттар студенттер үшін пайдалы болды.
СНХ: АБЫЛАЙХАН ЫСҚАҚОВ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кездесу өте қызықты өтті. Өйткені, бұл жерде өте көп қызықты ақпараттар болды. Маған осы ақпараттар болашақта танымдылық ретінде, филолог ретінде керек болады. Осындай кездесулер әрі қарай жалғасып, бола берсін деген ойдамын.
РКС: Олжас Сүлейменовтің "Арғымақтар", "Қыш кітап" және "Жарық түндер" поэзиялық жинақтары әлем әдебиетінің алтын қорынан ерекше орын алды. Ақынның 90 жылдығына орай облыс орталығында бұдан өзге де шаралар ұйымдастырылып жатыр.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ