ДИКТОР: Ата Заңның мемлекетті одан әрі дамытудағы және азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын кеңейтудегі маңызы зор. Осыған орай Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі Конституциялық дамуы» тақырыбында студенттік Конституциялық форум өтті.

РКС: Ата заңды сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Студенттер қоғамның белсенді бөлігі ретінде конституциялық нормалардың маңызын түсініп, өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс,- дейді ұйымдастырушы тарап. Сондықтан бүгінгі форум ғылым, мемлекеттік органдар өкілдері мен жастар арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Бұл процесте құқықтық білім берудің маңызы ерекше. Ол заңға құрметті, сондай-ақ әділдік пен демократиялық қағидаттарды қалыптастырады. Тақырып аясында форумның негізгі сарапшылары онлайн форматта Zoom арқылы қосылып, өз ой-пікірлері мен ақпараттарын бөлісті.

ИНТЕРШУМ: ZOOM АРҚЫЛЫ ҚОСЫЛҒАН СПИКЕР АЛУА ЫБЫРАЕВА, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: 6 айдың ішінде бірнеше отырыс өткізіп, жаңа Конституция қабылдау керек деген шешімге келдік. Неге? Конституцияда қандай ойлар бар? Неге біз оны білу керекпіз? Қазіргі 33 бап бойынша білім тегін. Мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Барлық бала 9 сыныпқа дейін оқуға міндетті. Оған заң да, мемлекет те жауапты. Біз білімді қоғамбыз. Енді Президенттің қойған талабы бойынша «Читающее общество» болуымыз керек. Оқуымыз керек. Біз барлық керек идеяларды кітаптан табамыз. Сонда біз мықты қоғам боламыз.

РКС: Форум аясында қатысушылар өзара пікір алмасты. Сонымен қатар сарапшыларға сұрақтар қойып, конституциялық құқық саласында білімдерін тереңдетті.

СНХ: ЛИЗА ЕСЕНБОЛ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Конституциялық форумды өте маңызды деп санаймын. Себебі осы форум арқылы жастар және азамататр өздерінің құқықтары туралы біле алады.Жаңа Конституция да қабылданған көптеген жаңа өзгерістер бар. Соның ішінде Миранда ережесінің енгізілуі дұрыс деп есептеймін. Арнайы қосылған қонақтарымыздың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң ғылымдарының кандидаты Ибраева Алуа. Ол Конституция бойынша өзіндік пікірлерін білдірген ерекше тұлға деп айтқым келеді. Негізі Конституция заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асатын құжаттардың бірі.

РКС: Жаңа Конституциялық реформалар Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртып, адам құқықтарын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға серпін берді. Аталған форум аясында осы және басқа да өзгерістердің маңызы кеңінен талқыланып, жастар құқықтық сауатын арттырды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ