ДИКТОР: Ақмола облысында алғаш рет 300 метр қашықтықтан дәстүрлі садақ атудан Кенесары Қасымұлы атындағы "Оқжетпес" республикалық ашық турнирі өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам мерген қатысты. Жарыс қалай өтті? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Турнир қыздар мен ерлер арасында өтті. Олар қалқан және жамбы нысанасына 300 метр қашықтықтан садақ атты. Мұндай жарыс бұрын-соңды Қазақстанда өткізілмеген. Бабы мен бағы оза шапқан мергендер келесі жылы Бурабай өңірінде өтетін халықаралық додада ел намысын қорғамақ.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жарысқа ең мықты Қазақстанның дәстүрлі садақшылары келді. Бұл жарыс әлем кубоктарының алдындағы дайындық кезеңі болып жатыр. Келесі жылы шетелден командалар шақырамыз деген жоспар бар. Мамыр айында осы жерде өткіземіз деп жоспарлап жатырмыз.

РКС: Әсемгүл Ғалымжанова екі жылдан бері жебе мен садақты жанына серік етіп келеді. Қолы босай қалса бірден дәстүрлі садақ ату орталығына барып, жаттығады. Өзінің тыңғылықты дайындығының арқасында бүгінде түрлі жарыстарда ел намысын қорғап жүр.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҒАЛЫМЖАНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ОРАЛ ҚАЛАСЫ): Ең алғашқы 2024 жылы әлем кубогында бірінші орын алғанмын. Одан кейін Азия кубогынан алғанмын. Сосын Ыстамбұл қаласында үшінші орын алғанмын халықаралық турнирден. Содан кейін биыл Азия чемпионатынан бірінші орын алғанмын. Дәстүрлі садақ ату қазір жоғары деңгейде дамып жатыр. Себебі, әлем кубогы болды. Енді биыл әлем чемпионаты бар Кореяда. Бұйыртса, соған барамыз. Соны жеңу мақсатым.

РКС: Азамат Нұртаев садақ ату спорт түріне 7 жыл бұрын кездейсоқ келген. Қазір 40 шәкірт тәрбиелеп, дәстүрлі спорттың қыр-сырын үйретуде. Осылайша, ол ұлттық спорттың дамуына өз үлесін қосып келеді.

СНХ: АЗАМАТ НҰРТАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ): Мен кезінде көкпар шапқанмын Ақмола облысының атынан. Содан кейін, жас келгеннен кейін бірінші жамбы аттым атынның үстінен, содан кейін садақ атуға көштім. Кубок Азиядан 4-5 рет алдым бірінші орын. Былтыр "Фетих" деген жарыста 3 пен 4 орынға таласып, төртінші орынды әкелдім. Сосын әлем кубогында бірінші және екінші орындарды еншіледім былтыр.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысынан келген Әсемгүл Ғалымжанова жүлдегер атанды. Ал, Ақмола өңірінің намысын қорғаған Абзал Елубаев ерлер арасында жеңіс тұғырына көтерілді. Барлық қатысушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ