ДИКТОР: Ақмола облысының әкімдігі мен Қазақстан Халық Банкі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
РКС: Құжат мемлекеттік құрылым мен қаржы институты арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған. Негізгі басымдық шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің инвестициялық белсенділігін арттыруға берілмек. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қазіргі экономикалық сын-қатерлер жағдайында қаржыны тиімді пайдаланып, кәсіпкерлер үшін қолайлы орта қалыптастыру аса маңызды екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазір қаражатты дұрыс, тиімді пайдалануымыз керек, мақсатты пайдалануымыз керек. Сондықтан бізге де қазір өте бір ақылды менеджмент керек, осы қаржыны пайдалануға. сенімді серіктестрік керек, партнерство,
РКС: Бүгінде «Қазақстан Халық Банкі» еліміздегі жетекші қаржы институтының бірі ретінде экономиканың түрлі саласын қолдап келеді. Ақмола облысындағы несие беру көлемінің 71 проценті Халық банк арқылы жүзеге асырылады.
СНХ: ҮМІТ ШАЯХМЕТОВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінде Халық банк еліміздің барлық өңірінде халыққа қолжетімді қаржылық қызмет көрсетіп келеді. Ел аумағында 531 филиал бар. Ал Ақмола облысына келетін болсақ, аймақтағы несие беру көлемінің 71 пайызы - Халық банкке тиесілі. Оның ішінде шағын және орта бизнес, сонымен қатар субсидиялау, «Өрлеу», «Кең Дала 2» секілді мемлекеттік қолдау бағдарламаларының басым бөлігі де Халық банк арқылы жүзеге асырылады.
РКС: Жиын қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ