ДИКТОР: Қазақтың біртуар ақыны, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов сәуірдің 19-ы дүниеден өтті. Ақынның шығармашылығын дәріптеуге бағытталған "Менің ғашық ғасырым" атты еске алу концерті өтті. Мұхтар Шахановтың рухани мұрасын жастар арасында насихаттауға арналған кештер мен концерттер республика көлемінде ұйымдастырылуда.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мұхтар Шаханов - қазақ поэзиясында ұлттық рух пен адамзаттық құндылықтарды биік деңгейде жырлаған тұлға. Оның шығармалары ұлттық намыс, елдік мүлде, тіл тағдары және рухани тәрбие тақырыптарымен ерекшеленеді. Кеш барысында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, сахнада жыр шумақтары оқылды.
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Мұхтар Шаханов қазақтың тарихына, ұлттық тілге, ұлттық намысты көтеретін үлкен ақын болған. Өзінің сөзі бар: "Мәңгі лаулап тұру үшін, ғаламда мәңгі от болып жану үшін үлкен арман керек екен адамға" деп. Сол үлкен арманды ақын болған. Өнерпаздарымыз да мықты әндерді оркестрге салып орындап, халыққа үлкен бір рухты береді деген ойдамыз республика бойынша алғашқылардың бірі болып біздер өткізіп жатырмыз.
РКС: Сондай-ақ, қазақ поэзиясының өзге де көрнекті өкілдерінің жырлары оқылып, рухани атмосфераның мазмұнын тереңдете түсті. Залда ине шаншар орын болған жоқ. Көрермендер концертті ерекше ықыласпен қабылдап, ақын рухына құрмет көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРА ЕСМҰХАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Ұлы ақын +скл+Мұхтар Шахановтың шығармашылығына байланысты шығармашылық кешін өткізді. Халық жақсы жиналды. Енді ол кісінің шығармашылығы әрине халық келуге тұрарлық. Тілім деп, елім деп кеткен азамат еді. Сондықтан да, бұл кісінің шығармашылық кешіне халық әрдайым осылай жиналады деп сенеміз.
РКС: Ақынның рухани мұрасын дәріптеуге арналған мұндай кештер алдағы уақытта да жалғасады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ