ДИКТОР: Ақмола облысынан тағы 20 жас Ақкөл қаласындағы 55209 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Олар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарында әскерде болады. Көкшетаудағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында болашақ сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әскер қатарына шақырылушылар Ақмола өңірінің тұрғындары. Сондықтан, олар әскери борышын өз аумақтарына жақын жерде өтейді. Шақырылушылардың қатарында ағайынды егіздер Аслан мен Арман Қайырбектер бар.
СНХ: АСЛАН МЕН АРМАН ҚАЙЫРБЕК, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАР: Әскери мерзімге дайынбыз. Келешекте құтқарушы боламыз. Өзіміз таңдадық .
РКС: Әскерге шақырылушылардың қатарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің түлектері де бар. Олар Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде қызмет етуді саналы түрде таңдап, болашақта өмірін құтқарушы мамандығымен байланыстыруды жоспарлап отыр. Алған білімдері болашақ мамандықтарымен тікелей байланысты. Әскерге шақырылушыларды қолдауға оқу орнының өкілдері де келді.
СНХ: СЕРЖАН АМАНГЕЛДИЕВ, АЗАМАТТЫҚ ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ ҚОРҒАНЫС КОЛЛЕДЖІ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ БӨЛІМНІҢ БАСТЫҒЫ: Көкшетау қаласында 18-ші мамыр мен 20-шы мамыр аралығында жас сарбаздарды іріктеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 55209 әскери бөлімізде әскери мерзімдерін өтеуге кетіп бара жатыр. Жалпы, біздің әскери бөлімде құтқарушы саласында қызмет атқарады.
РКС: Болашақ сарбаздарға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен аталған саланың ардагерлері ақжарма тілектерін арнап, Отан алдындағы борыштарын өтеуде сәттілік тіледі. Әскери бөлімді толықтыру жоспары толық орындалды, - дейді ведомство өкілі.
СНХ: АЛМАС БЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ: Біздің департамент әскерге шақыру науқаны аясында биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтыру және әскерге шақырылушыларды іріктеу жұмыстарын жүргізді. Жоспар бойынша 20 адам жіберуіміз керек еді. Бұл жұмыс толық аяқталды.
РКС: Шара соңында құтқарушылар шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Одан соң әскерге шақырылушылар азаматтық борышын өтейтін орынға аттанды. Жыл сайын еліміз бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке 800 әскери қызметші шақырылады. Олар азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша маманданып, төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ