ДИКТОР: Ақмола облыстық прокуратурасы «Ашық есік күнін» өткізді. Оның барысында жоғары оқу орнының «Заңтану» мамандығын аяқтағалы отырған студенттер мен 11-ші сынып оқушыларына Бас прокуратураға қарасты құқық қорғау Академиясына оқуға түсу жайында ақпарат беріліп, прокуратура ғимаратына экскурсия жасалды.
РКС: Прокуратура – мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, құқықтық қорғау функцияларын орындайтын біртұтас орталықтандырылған құқық қорғау органы, әрі қылмыстық процестерді үйлестіріп,азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғап, заңсыздықтардың алдын алатын мемлекеттік мекеме екені студенттер мен оқушыларға «Ашық есік күні» барысында түсіндірілді. Сонымен қатар Бас прокуратура құзырындағы құқық қорғау Академиясына құжат тапсыру талаптары жайлы да айтылды.
СНХ:АЙЫМ АЛТАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері оқушыларға және студенттерге прокуратура органдарына қызметке тұру, өз құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы профилактика мәселелерін көтерді. аталған іс-шара бізде жылына бір рет жүзеге асырылады. Басты мақсат жастарды прокуратура органдарына жұмысқа тұруға баулу және өзінің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады
РКС: Облыстық прокуратура ғимаратында осы саланың өткені мен бүгінінен хабар беретін мұражай жұмыс істейді. Онда прокуратура саласын басқарған тұлғалардың жеке архивіндегі тұтынған заттары,фотосуреттері мен кеңес заманында зерттеу жұмыстарына қолданылған құрал-жабдықтар қойылған.
СНХ РАСУЛА ЕХСАН, №21 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Бұл іс-шара бізге өте пайдалы болды. Біздің клубтағы балалар және мен өзім заңгер мамандығын таңдағым келеді. Музейге келіп, формаларда қарап, ол бізге үлкен мотивация және сабағымызды жақсы оқып, университет тәмәмдап, прокуратура органдарында жұмыс істеу «Адал ұрпақ» біздің мектептегі клуб болып келеді, ол құқықтану бағытында, онда біз прокуратура сот саласының қызметін талқылаймыз.
СНХ САҚЫНАДЫР АЙДЫНҰЛЫ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Әрбір Қазақстан азаматы өзінің Ата Заңын білуі керек, оны білмесе өмірден жеңіліп қалуы мүмкін. Өзінің құқығын аяққа таптатып алуы мүмкін. Құқықтық сауаттылық әрине, бірінші орында
РКС. Шара барысында студенттер мен оқушылар облыстық прокуратураның жұмыс кабинеттерін аралап көріп, қадағалаушы органның басты функциялары мен міндеттері жайлы мағлұмат алды.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».