ДИКТОР: Күні кеше Көкшетау авиациялық бөлімшесінің аумағында өрт сөндіру-десанттық құрамының және ұшқыш-бақылаушылардың авиациялық жұмыстар кешенін орындауына байланысты әуе жаттығулары өтті. Еліміздің солтүстік өңірінің десантшылары жерүсті өртін сөндіру элементтерін, сондай-ақ өртті әуеден сөндіру тәсілдерін көрсетті. Оқу-жаттығуға тілшіміз Евгений Варанкин қатысып қайтты.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Зеренді ауданында орман өрттердің алдын алу және жою мақсатында арнайы жедел-тактикалық жаттығу кешені ұйымдастырылды.
РКС: Оқу-жаттығуға Е-145 және МИ-8 маркалы тікұшақтар және 40-тан астам өрт сөндіруші-десантшы жұмылдырылды. Құтқарушылар тікұшақтан түсу машықтарын және өртті оқшаулау шеберліктерін көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ВЛАДИМИР САНАРОВ, «ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ» КӘСІПОРНЫ ҰШУ-ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Десантшыларды 40 метр биіктіктен түсіру элементтері пысықталуда. Бүгін тек жаттығу болғандықтан, барлық оқу жұмыстары қарапайым тапсырмалардан басталады. Құтқарушылар бастапқы тапсырмаларды меңгеріп, қажетті дағды қалыптастырғаннан кейін ғана орман, тау, жартасты аумақтар секілді нақты нысандарда жаттығулар өткіземіз. Яғни, төтенше жағдайда жұмыс істеуге көшеміз.
РКС: Канадалық 600 литрлік Bambi Bucket құрылғысының көмегімен өрт сөндірушілер Е-145 еурокоптерімен жердегі өртті сөндірді. Ол үшін әуе кемесінің командирлері суды жақын маңдағы су айдынынан тасымалдады. Жел бағытын ескере отырып, құтқарушылар үйлесімді командалық жұмысты және өртті әуеден сөндірудің тиімділігін көрсетті.
СНХ: РЕНАТ УМАРОВ, КӨКШЕТАУ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қазір Көкшетау авиациялық бөлімшесінде 900 литрлік су төгу құрылғысымен жабдықталған Eurocopter-145 базасындағы 2-ші және 4-ші класты тікұшақ, сондай-ақ Көкшетау қаласында орналасқан 5 тонналық су төгу құрылғысымен жабдықталған бірінші класты МИ-8 тікұшағы бар. Бүгінде жеке құрам қысқы кезеңдегі теориялық дайындықтан толық өтті, практикалық дайындық та аяқталды. Толық дайынбыз. Өңірде өрт қаупінің төртінші класы сақталуда. Жеке құрам толықтай қамтамасыз етілген, кез келген жағдайға сақадай сай дайын.
РКС: Сонымен қатар құтқарушылар 2,5 тонналық су төгу құрылғысын пайдаланып, бірінші класты МИ-8 тікұшағымен шартты өртті әуеден сөндірді. Екі тікұшақтың бірлескен жұмысының арқасында өрт санаулы минуттарда ауыздықталды. Айта кету керек, бұл құрылғылар өртті толық сөндіруге емес, жалынның таралуын тежеуге арналған. Бұл құтқарушыларға өрт ошағын тез арада жоюға мүмкіндік береді.
СНХ: ДАСТАН ӘБДІРАХМАНОВ, «ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ» КӘСІПОРНЫ СОЛТҮСТІК БУЫНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Солтүстік буын бойынша 6 нұсқаушы, 5 авиациялық бөлімшенің басшылары және 42 өрт сөндіруші- десантшы жаттығуларын толықтай өтті. Көкшетау авиациялық бөлімшесі бойынша 4-ші өрт қауіпі сыныбы сақталып тұр. Біз толықтай дайынбы. Жаттығуларды өттік.
РКС: Аумақты патрульдеу өрт қаупінің деңгейіне сәйкес жүргізіледі. Өрт қаупінің төртінші класы кезінде аумақ күніне екі рет бақылауға алынады. Жалпы авиацияның қорғауындағы аумақ көлемі 303 мың гектар. Құтқарушылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және орман өрттеріне жол бермеуге шақырады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ