ДИКТОР: Жылдағы дәстүр бойынша Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында "Тіл және заманауи қоғам" атты облыстық байқауы өтті. Сайыста бағын сынауға келгендер мемлекеттік тілде сөйлеп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды насихаттады. Байқауға қанша мемлекеттік қызметші қатысты? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

РКС: Биыл байқауға өңірдің аудан-қалаларынан келген 11 мемлекеттік қызметші қатысты. Үш кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, қазақ тілінде шешендік қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, өнерлерін ортаға салып, ұлттық мәдениетке қатысты білімдерін сынады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Байқауға қатысушылардың бірі - Ерейментау ауданы әкімінің кеңесшісі Бахтияр Жепенов. Ол мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан асады. Мемлекеттік тілді білу басты талап, - дейді ол.

СНХ: БАХТИЯР ЖЕПЕНОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ): Осы байқауға негізі 2 аптадай дайындық уақыты берілді бізге. Қазақ тілін дәріптеу әкімдікте ен бірінші тұрған талаптардың бірі. Барлық ісқағаздар болсын, жиналыстар болсын қазақ тілінде жүргізіледі. Талапта сондай. Бізде сол ұстанымды ұстанамыз. Тілімізбен мақтанамыз.

СНХ: АЙГҮЛ ТАЛПАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ НЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: "Тіл және заманауи қоғам" атты облыстық байқау бұл Қазақстан Республикасы тіл саясатының дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес өткізіледі. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бізде көптеген шаралар өткізіледі. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде сөйлеу мәселесі көп жағдайда көңіл көншітпейді. Міне, осы олқылықты болдырмау үшін біз мемелкеттік қызметшілер арасында қазақ тілін дамыту, насихаттау, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында осындай шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткіземін.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ