ДИКТОР:Атбасар ауданының шаруалары көктемгі егіс науқанын15 күнде аяқтауды жоспарлап отыр. Кеше облыс әкімі Марат Ахметжанов «Шуйское» және «Әріп-Агро» серіктестіктеріндегі дала жұмыстарының барысымен танысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Биыл аймақтв 5 миллион гектардан астам алқапқа дәнді дақыл сіңірмекші.Жаздық дақылдардың көлемі 47 мың гектарға артты. Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары да жалғасуда. Дәнді және бұршақ дақылдарының көлемі 47 мың гектарға қысқартылып, 4 миллион гектардан астам алқапқа егілмек. Майлы дақылдардың көлемі, керісінше, 90 мың гектарға ұлғайып, 600 мың гектарға жетті.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында қараша айында қаржыландыру басталды жеңілдетілген несиемен. Бүгінгі күнге жалпы 104 миллиард теңгеге ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері қаржыландырылды. Оның ішінде аграрлық «Несие» корпорациясы арқылы 52 миллиард теңге, «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 25 миллиард теңге және екінші деңгейлі банктер арқылы 23 миллиард теңге көлемінде көктемгі дала жұмыстарын арзан есебімен қаржыландыруға қол жеткізілді. Дәнді және бұршақ дақылдарының егіс көлемі 1,5 миллион гектар алқапқа егілсе, майлы дақылдардың егіс көлемі 364 мың гектарға егіліп, жалпы майлы дақылдардың жоспарланған көлемінің 60 пайызы егілді.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Өңірде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Жалпы дала жұмыстары 36 пайызға аяқталды. Биыл Атбасар ауданындағы ««Әріп-Агро»серіктестігінде жалпы дала жұмыстарына отыздан астам техника жұмылдырылды.
РКС: Қазір «Әріп-Агро» серіктестігінде дала жұмыстары өрмек жүзінен асты. 9 мың гектардан астам егістік алқабы бар. Соның төрт мың гектарға жуығына дәнді, 2 мыңнан астамына бұршақ және 3,2 мың гектар алқапқа майлы дақыл егілмек. Биыл серіктестік «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 683 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуге әрекет етуде.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘРІПОВ, «ӘРІП-АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл егіс науқанын мамырдың 6-да күнбағыс себуден бастадық. Қазір жоспарланған алқаптың шамамен 60 пайызы егілді. Биыл жалпы егістік алқабының 35 пайызына майлы дақыл, 25-не бұршақ, ал 40 процентіне дәнді дақыл сіңірмекпіз. Топырақтағы ылғал қоры жақсы сақталған.
РКС: «Шуйское» серіктестігінің жалпы егістік алқабы 31,5 мың гектар.17,5 мың гектар алқапқа дәнді, 4 мыңына арпа және 750 гектар алқапқа сұлы егіліп жатыр. Аталған серіктестік те дала жұмыстарын60 пайызға аяқтапты.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұның бәрі президенттің үлкен ауыл шаруашылығына, ауыл адамдарына деген үлкен қамқорлығы. Соның арқасы. Біздің диқандарға ризашылығымды білдіргім келеді. Өйткені берген қомақты қаражатты дұрыс, тиімді пайдаланып, екі жыл қатардан жақсы нәтиже көрсетіп жатырмыз. Былтыр 7 миллион 600 мың ьонна алдық. Енді биыл ойлаймын сегіз миллионды бағындырамыз.
РКС: Жалпы Атбасар ауданында көктемгі егіс науқаны 42 пайызға аяқталды. Дала жұмыстарына екі мыңнан астам техника жұмылдырылды.Мамандардың айтуынша, көктемгі дала жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Алдын ала жоспар бойынша өңірде егіс науқаны маусымның 1-і мен 5-і аралығында толық аяқталмақ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ