ДИКТОР: Ақмола облысында алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ халықаралық қорының волонтерлер хабы ашылды. Ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында жұмыс іс тейді. Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастама өңірдегі еріктілік қозғалысына жаңа серпін бермек. Айтулы шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты өкілдері және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып, волонтерліктің қоғам үшін маңызын атап өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Юнисеф ұйымы әлемнің әр түкпірінде бала қауіпсіздігі мен олардың жарқын болашағы жолында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Елде Юнисеф Қазақстан волонтерлік бағдарламасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында 10 мыңнан астам жас волонтерлер қоғам игілігі жолында өз үлесін қосты. Бүгінде бағдарлама ауқымы кеңейіп, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей және Көкшетау қалаларында өңірлік хабтар өз жұмысын бастады.
СНХ: РАШЕД МУСТАФА САРВАР, UNICEF-ТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ: Біз балаларға, жасөспірімдерге және жастарға арналған ең ірі волонтерлік агенттіктің біріміз. Бүгінде біз әлемнің 190 елінде жұмыс істейміз. Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, сонымен қатар Бала құқықтары туралы конвенцияны алғашқылардың бірі болып ратификациялаған біздің маңызды серіктесіміз. Қазақстан біздің ұйымның негізгі серіктестіктерінің бірі.
РКС: Көкшетау қаласында ашылған Юнисеф волонтерлік хабы Қазақстанның солтүстік өңірін қамтитын маңызды орталыққа айналмақ. Мұнда ел жастары ауқымды жобалар әзірлеп, балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі 6 бағыт бойынша білімін жетілдіреді. Бүгінде елде 10 мыңнан астам волонтер балалар құқықтарын қорғау, экологиялық тұрақтылық, цифрлық сауаттылық, менталдық денсаулық және әлеуметтік инклюзия сияқты маңызды салаларда білімдерін шыңдауда.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚАБДІРӘШЕВ, «UNICEF ЖАСТАРЫ» ВОЛОНТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл бағдарлама халықаралық. Юнисефтің волонтерлік бағдарламасы бұл біріншіден балалардың құқықтарын қорғау. Біз волонтерлерге қалай балалардың құқығын қорғау керек екені жөнінде білім береміз. Адвокация, климаттың өзгеруі, олардың барлығы балалармен қалай байланысты, булингке қарсы шығу, менталдық денсаулық бойынша білім береміз.+скл+Бағдарлама 2 форматта жүзеге асырылады. Бірінші офлайн формат. Бізде Юнисеф жастары деген платформамыз бар. Жылына 4 рет волонтерлерді қабылдау жұмыстарын жүргіземіз.
РКС: Волонтерлік хабқа 16 мен 35 жас аралығындағы қызығушылық танытқан кез келген азамат еркін түрде келіп, тіркеле алады.
СНХ: МАҒЖАН ҚАБДОЛ, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мен өзіммен бірге өз оқушыларымды инклюзивті дамуына, цифрлық сауаттылығына, жан-жақты дамуына үлес қосу үшін, оқушыларымды алып келдім.
РКС: Жастар үшін бұл бағдарлама волонтерлік тәжірибе ғана емес, адамгершілік пен жауапкершілікті терең сезінуге жетелейтін үлкен өмір мектебі. Әр бастама арқылы өскелең ұрпақ қоғамға қызмет етудің мәнін түсініп, болашаққа сенімді қадам жасайды. Юнисеф бағдарламалары балалық шақтың қорғаны, үміттің шамы және жарқын болашақтың берік іргетасы.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ