ДИКТОР: Қазақтың ұлттық спорт түрлері - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл мұра. Бүгінде сол дәстүрлі спортты дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген жаттықтырушылар аз емес. Кейіпкеріміздің бала күнгі арманы мүлде басқа спортпен байланысты болғанымен, бүгінде оның таңдауы ұлттық спортқа түскен.

РКС: Асық ату - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын мергендік пен ептілікті талап етеді. Самат Әукенов бүгінде облыстағы асық атудан үздік жаттықтырушылардың бірі. Ол 2003 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келеді. Асық атуға деген қызығушылығы мен шеберлігі оны жаттықтырушылық жолға жетелеп, бүгінде жасөспірімдерді ұлттық спортқа баулып жүр.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, АСЫҚ АТУДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Енді өзім ауылда өскеннен кейін көкпар да ойнадық. Менің негізі өзімнің мамандығым еркін күрес. Волейболдан тренер болғам 5 жыл. Енді бұл ұлттық ойын болғасын соған бет бұрдым. Қалаға келгенде ұлттық ойын болмады. 56 спорт түрінің ішінде ұлттық ойын жалғыз тоғызқұмалақ болды. Сосын асық атуды неге ұлттық ойын қылмасқа деп, құрылтай жиналысын жасап сорндай шешімге келдік. Қазір өте күшті дамып жатыр. Тек қана облыс бойынша емес, халықаралық жарыстарға да шығып жүрміз.

РКС: Самат Әукенов 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке. Оның адамгершілігі мен әкелік қамқорлығы айналасына үлгі. Кейіпкеріміз шәкірттерінен бөлек өз балаларын да ұлттық спортқа баулып жүр,- дейді әріптестері.

СНХ: АЛМАТ БЕЙСЕМБАЕВ, ӘРІПТЕСІ: Самат Базарбекұлымен 2001 жылдан бері таныспын. Бірінші волейболдан бастағанбыз бірге. 2016 жылы ұлттық спортка келдік. Биыл 10 жыл міне. Балалардың нәтижесін көріп лигаға шығып, жасөспірімдерден бастап, ардагерлер, әйел адамдарды да үйреттік. Адамгершілігі жақсы, көмектесіп, үйретіп, жақсы сөздер айтып қолдап жүреді.Өте жақсы әке. Балалары да ұлттық ойынмен айналысады.

РКС: Асық ату бүгінде әсіресе балалар арасында кеңінен танымал. Кейіпкеріміздің қол астында 25 жасөспірім жаттығады. Олардың кейбірі бұл спорт түріне енді ғана қадам басқанымен, қазірдің өзінде түрлі жетістіктерге жетіп үлгерген. Мұның бәрі жаттықтырушының тактикасы мен тәжірибесі.

СНХ: ЭЛЬМИРА БАҚТЫБЕК, ШӘКІРТІ: Мен асық атумен 1 жыл бұрын айналыса бастадым. Жүлделі бірінші орындарға иемін. Биыл облыстық чемпионаттан өттім. Республикалық олимпиадаға жолдама алдым. Бапкерлерімнің арқасында осындай жетістіктерге жетіп жатырмын.

РКС: Сондай-ақ кейіпкеріміз облыстық «Алтын сақа» қоғамдық бірлестігінің президенті. Оның шәкірттері бүгінде халықаралық жарыстардан жүлделі оралып жүр. Бұл - ұлттық ойынның дамуына қосылған үлкен үлес. Самат Әукенов өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарды ұмытпай, дәстүрлі спортқа қызығушылығын арттырып жүрген жаттықтырушы десек қателеспейміз.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ