ДИКТОР: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, қызмет алушыларға арналған бірқатар іс-шара өткізілуде. Соның бірі – «Қызмет алушылар күні». Шара аясында кәсіпкерлік пен салық саласына қатысты сұрақтар қаралып, келушілерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
РКС: Шара барысында бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау және азаматтардың бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.
СНХ: АСЫЛ ЖҮНІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Бәрімізге аян, бизнес пен мемлекет арасындағы іскерлік, кәсіпкерлікті дамытуға, қоғам үшін қолайлы жағдай жасауға, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағытталған. Осы шеңберде біраз іс шарлар өткізілуде, соның ішінде өзіңіз білетіндей, осы саладағы заңнамаларға көптеген өзгерістер енгізілген. Олардың да азаматтардың жағдайын жақсартуға, соның ішінде кәсіпкерлердің де жағдайын жақсартуға бағытталған.
РКС: Мәселен, қаңтардың 1-нен бастап жаңа Салық кодексі күшіне еніп, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізілгені айтылды. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Жалпы департамент мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақталуына, олардың жүйелі проблемаларын шешуге ерекше көңіл бөледі. Мысалы департаменттің ұсыныстарымен шағымдар бойынша қабылданған шешімдердің негізінде төрт шаруа қожалығы мен 32 мың гектар ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелеріне келісім шарттарын ұзарттық. Бұл шаралар шаруа қожалықтары үшін жер учаскелерін жалдау мерзімі шеңберінде 10 миллиардтан астам табыс тауып, ауылды жерлерде 15 жұмыс орнын сақтап қалуына септігін тигізді.
РКС: Келушілер түрлі мәселемен жүгінді. Тұрғындардың кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша, сондай-ақ жеке мәселелері жөніндегі өтініштері жедел қаралды. Мамандар азаматтарға қажетті бағыт-бағдар ұсынып, сұрақтарына нақты жауап берді. Келушілер мұндай қабылдаулардың тиімділігін атап өтті.
СНХ: НАТАЛЬЯ СКРУТСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен бұрын ашылған жеке кәсіпкерлік шотымды жабу үшін жүгіндім. Осындай ашық есік күнін ұйымдастырғандарыңыз өте жақсы болды. Маған мамандар көмектесіп, мәселемді бірден шешіп берді. Үлкен рақмет. Осындай шараларды жиі өткізіп тұрған дұрыс, сонда адамдар келіп, көмек ала алады.
РКС: Сондай-ақ, бұған дейін қашықтан бақылау аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде нормативтік-құқықтық актілердегі қайшылықтарға қатысты туындаған мәселелер де өз шешімін тапқан. Мәселен, құны 5 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба қайта іске қосылып, жеке кәсіпкерлердің біріне бөтелкедегі ауыз су өндіретін зауыт салу үшін жер телімі берілді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ