ДИКТОР: Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында спорттық-бұқаралық іс-шара өтті. Бұл шара ауқымды велошерумен басталып, түрлі спорт түрінен ұйымдастырылған жарыстарға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Велошеруге ауданның 100-ден астам тұрғыны қатысты. Бұл сапта жасы да, егде тартқан қариялар да бар. Шеру Державинскінің орталық көшелерін бойлай өтіп, «Жастар» стадионында түйінделді. Бұл спорттық шара бойдағы рухты шыңдап, жастар мен зейнет жасындағы тұрғындардың спортқа деген белсенділігін арттыра түсті. Отбасылық эстафетада Жарқайың ауданынан келген 13 отбасы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Үсеновтер отбасы бірінші орынға ие болды.

 СНХ: ҮСЕНОВТЕР ОТБАСЫ:///рус///Очень радует, что команды с каждым годом все больше и больше. Хочу поблагодарить организаторов турнира, всех тренеров, кто это проводил. По итогам соревнований наша команда, наша семья заняла первое место. ///аударма///Командалардың жыл сайын көбейіп келе жатқаны қуантады. Турнирді ұйымдастырушыларға, оны өткізуге атсалысқан жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін. Жарыс қорытындысы бойынша біздің отбасылық командамыз бірінші орынды иелендік. Осындай отбасылық сайыстарды жиі өткізіп тұрса дейміз.

РКС: Стадионда мерекелік шара спорттық сайыстармен жалғасты. Атап айтқанда, отбасылық эстафета мен мектеп командалары арасындағы шағын футбол турнирі ұйымдастырылды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН БИЖАНОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАУРШЫ: Мектепаралық жарыстарға 7 құрама қатысуда. Жарыстар өте жоғары деңгейде. Осы спортты өткізуге атсалысқан аудандық ұйымдарға алғысымді білдіремін. Спортымыз дами берсін.

РКС: Шағын футбол турнирінің қорытындысы бойынша І орынды Ақпан Үкібаев атындағы мектептің командасы еншіледі. ІІ орын Николай Островский атындағы мектеп командасына бұйырса, ІІІ орынға Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының командасы лайық деп танылды. Барлық жеңімпаз ақшалай ұтыс қорымен марапатталды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ