ДИКТОР: Көкшетауда «Senat Open 2026» 3-ші ашық кубогы өтті. Турнир Қазақстан шахмат Федарациясының бастамасы бойынша Парламент Сенатының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыс облыстың әр ауданынан келген 140-қа жуық қатысушының басын қосты.

РКС: Бұл жолғы іріктеу кезеңі швейцар жүйесі бойынша 7 турдан тұрды. Турнирге мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілері, ардагерлер мен журналистер қатысты.

СНХ: СЕРІКБАЙ ТЕМІРБАЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Үшінші жыл қатарынан қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, түрлі ведомствоның өкілдері жарыста бақтарын сынауда. Шахматты жанына серік еткендерді бір арнаға тоғыстыратын ауқымды шара. Мұнда кәсіби шахматшылар жоқ. Әуесқойлар жиналған. Десе де жарысқа қатысушылардың саны өте көп, әрі ауқымды сайыс. Халық арасында кеңінен танымал. Біздің облыс Солтүстік аймаққа кіреді. Қостанай, Петропавл мен Павлодар және Ақмола облысы. Келер айдың 17-сінде Қостанайда жартылай финал өтеді. Жарыс табысты болады деген үміттемін. Ардагерлер, егде жастағы шахматшылармен қатар жас спортшылар да сайыста бой көрсетуде.

РКС: Жарысқа қатысушылардың бірі Біржан Хайруллин бала күнінен шахмат ойнайды. Осы турнирге алғаш қатысып отырған жоқ. Қызмет бабымен әр қалада еңбек еткен жылдары бірнеше аймақтың командасы құрамында ойнапты.

СНХ: БІРЖАН ХАЙРУЛЛИН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Жалпы мен осыған дейін Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында қызмет жасаған кезде де осындай шахмат ойындарына қатысқан болатынмын. Ағымдағы жылы бұл әртүрлі мемлекеттік органдардың арасында кезең-кезеңмен турлар өткізілді: құқық қорғау органдары бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бөлек, білім саласы бөлек, медицина саласы бөлек. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Өйткені шахмат — бұл тек қана спорт қана емес, сонымен қатар адамның ойлау қабілетін, логикасын дамытуға және достықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Бұл дәстүрлі шахмат ойыны бұдан әрі де жалғаса берсін деген тілек білдіремін.

РКС: Турнирде Жақсы ауданының командасы да қатысты. Олар бұған дейінгі сайыстың чемпионы атанған еді. Осы маусымда да сол биіктен көрінсек,-дейді.

СНХ: ИВАН ПУШКАРЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біз Сенат кубогына келдік. Бұл ең ауқымды турнир. Былтыр жолымыз болып, жеңімпаз атанған едік. Биыл да жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деген ойдамын. Ойын көрсетеді.

РКС: Ширек финалдың қорытындысы бойынша 35 ойыншы жарыстың келесі кезеңіне өтті. Олар енді Қостанайда өтетін Сенат Кубогының жартылай финалына қатысып бақтарын сынайды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ