ДИКТОР: «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» жедел профилактикалық шарасы аясында облыстық полиция қызметкерлері жас сақшылармен бірлесіп, балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізді.
РКС: «Өтінемін, жылдамдықты асырмаңыз - бізді үйде ата-анамыз күтеді». Дәл осындай жазбалармен оқушылар жазғы демалыс алдында ересектерге ең бастысы - жолдағы қауіпсіздікті еске салды. Облыстың 56 мектебінен 1000-нан астам оқушы көлік жүргізушілеріне хат жазып, эмоцияға толы суреттер салды.
СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Мектеп оқушылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінде мұқият болуға және балалардың өмірін қорғауға шақырған арнайы суреттер мен үндеу хаттарын дайындады. Мұндай іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
РКС: Бұл хаттарды балалар полиция қызметкерлерімен бірге жол үстінде автокөлік жүргізушілеріне тапсырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әр жүргізуші бұл хаттарға бей-жай қараған жоқ. Тіпті кей оқушылардың шынайы жазбасы олардың көңілін босатты. Полиция балалардың бұл хаттары ересектерге әр баланы үйде аман күтіп отырған жандар барын тағы бір мәрте еске салатынына сенімді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ