ДИКТОР: Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-ші турында «Оқжетпес» футбол клубы «Ақтөбе» ойыншыларымен тартысты ойын өрнегін көрсетіп, 2:2 есебімен тең түсті. Осылайша оқжетпестіктер өзінің үшінші орнын сақтап, 23 ұпай жинады.
РКС: Көкшелік жанкүйерлер футболдан талай мәрте жеңістерге жетіп жүрген ақтөбелік командамен болатын ойынды асыға күтті. Күдік пен сенім аралас болғаны да шындық. Ақтөбелік кәнігі қақпашыдан қаймығып, мықты ойыншыларының жерлестерімізді қапы қалдыруы мүмкіндігін де алдын ала саралап қойған. Алайда оқжетпестіктер де жай қарап қалған жоқ. Бірінші кезеңнің 32-ші минутында «Оқжетпес» футбол клубының өзбек форварды Бектемір Абдумамонов матчта есеп ашып, қарсыластың қақпасына доп тоғытып, жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Алайда үш минут өтпей-ақ ақтөбелік ойыншы Виталий Латурнус есепті теңестірді. Ақтөбелік фанклуб мүшелерінің қолдауы да жеңіске деген жігерді жани түскенін айта кеткен жөн.
СНХ: ЖАНАЙДАР АЗЫҚАНОВ, ЖАНКҮЙЕР: Біздің «Оқжетпес» қандай мүмкіндіктерді пайдалана алмай қойды. Соған енді өкінішті. Ақтөбе жетінші орында болса да жақсы ойнап жатыр. Прямо неожиданно. Жақсы ойнап жатыр Оқжетпес, жақсы бастадық. Үште келе жатырмыз,нормально.
РКС: Үзілістен кейін жалғасқан ойынның 61-ші минутында тағы да Латурнус алға шығып, есепті 2:1-ге жеткізді. Қосымша берілген уақытты ұтымды пайдаланған «Оқжетпес» ойыншысы Борис Лотоцкий дәл соғып, есепті теңестірді. Жанкүйерлердің жаны кірді. Өзінің сүйікті командасын қолдай келген балалардың жапатармағай берген сұхбаты соның куәсі.
СНХ: БАЛАЛАР: Мы любим «Оқжтпес». Мы родились в этой команде. Мы за нее играем в ммладших годах. Мы самые лучшие болельщики. И оқжетпес займет первое место в КПЛ.
- «Оқжетпес» забили красивый гол. Забиванием головой. Играют хорошо головой.
- қаншама халық «Оқжетпесті» қолдауға келді. Бұл команда баяғыдан келе жатқан команда ғой. Жеңілген, жеңген кездері де бар. Администрацияға барлығына рахмет.
- «Оқжетпес» жақсы ойнайды. Мен Бөрібаевтың фанатымын. Сегізінші номердегі, ол жақсы ойнайды.
- «Ақтөбе» күшті команда ғой, бірақ «Оқжетпес те» поранжение бермей бірде бір болып келе жатырмыз. «Оқжетпес» жеңеді Ақтөбені.
- Оқжетпес, Оқжетпес
РКС: 12 турдан кейін «Оқжетпес» командасы 23 ұпай жинап, өзінің үшінші орнын сақтап қалды. «Ақтөбе» командасы 16 баллмен жетінші орында келеді. Бұл күні көкшетаулық команданы қолдай келген жанкүйерлерге қазақстандық эстрада жұлдызы Нұржан Керменбаев арнайы келіп, ән салды.
ЕСТЕССТВЕННЫЙ ШУМ:
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ