ДИКТОР: Ақмола облысында 2 мыңнан астам киіктің өлексесі анықталды. Ақбөкендердің қырылуы әсіресе Атбасар, Жақсы және Егіндікөл аудандарында тіркелді. Бүгінде аталған аудандарда жауапты орган өкілдері жұмыс істеп жатыр. Олар аймақтарды зерттеп, өлекселерді жинап, жоюда. Ал ветеринарлық қызмет мамандары киік өлексесінен сынама алып, аса қауіпті деген 8 түрлі инфекциялық ауруға тексерген. Алдын ала мәлімет бойынша киіктердің қырылуы жұқпалы аурумен байланысты емес. Бұл жыл сайын қайталанатын табиғи жағдай,-дейді мамандар. Мәселен, өткен жылы шамамен 12 мыңға жуық киік қырылған

СНХ: ДІНӘЛІ АЙТҚОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жалпы киіктердің табиғи өлім-жітімінің жылдық деңгейі олардың жалпы санының 15-20 пайызын құрауы мүмкін. Биылғы мониторинг бойынша Ақмола облысының аумағында шамамен 114 мыңнан астам киік тіркелді. Олардың көші-қоны мен төлдеуі әлі аяқталған жоқ. Сондықтан бұл сан өзгеруі мүмкін. Қауіпсіздік мақсатында өлекселерден сынама алынды, оның нәтижесі бойынша жұқпалы ауру жоққа шығарылды.