ДИКТОР: Бұланды ауданында соңғы жылдары инфрақұрылым мен әлеуметтік салаларды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл аудан экономикасына 1,1 миллиард теңге инвистиция тартылды. Ауыз су желілері жаңартылып, Вознесенка ауылында жаңа көпір пайдалануға берілді. Макинск қаласында жылу желілері мен теміржол вокзалы жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, №1 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде.

РКС: Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде аудандағы 270 мың гектар егістік алқаптың 90 пайызына дән сіңірілді. Майлы дақылдар көлемі едәуір ұлғайды. Мал шаруашылығында да өсім байқалып, ірі қара мал саны 20 мың бастан асты. Ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің көлемі де артты.

СНХ: АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауыл шаруашылығында жалпы өнім 34,1 миллиард теңгеге жетті, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 51,7 пайызға жоғары, нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 36,6 миллиард теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 26,6 пайызға жоғары, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 108,3 пайыз, 36,2 миллиард теңгені құрайды.

РКС: Әлеуметтік қолдау шаралары аясында биыл аудан бойынша 350 адамға 27 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді. Мәдениет пен спорт саласында да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Никольское ауылында жаңа мәдениет үйі салынып жатса, Қараөзек ауылындағы мәдениет үйі қайта жаңғыртылуда. Макинск қаласында бассейн құрылысы аяқталып, қалалық саябақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

СНХ: АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтыр Макинск қаласында «Қалалық саябақты абаттандыру» жобасы бастау алды. Оны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 221 миллион теңге бөлінді. Қазір жобаны толық аяқтау үшін қосымша 39 миллион теңге қажет. Жоба аяқталғаннан кейін тұрғындардың серуендеуі мен белсенді демалысына қолайлы жағдай жасалады. Спорт саласында да аудан бойынша оң динамика байқалады. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Аудан командалары облыстық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуде. Сонымен қатар, құрылысы ұзаққа созылған Макинск қаласындағы бассейннің құрылысы толық аяқталды.

РКС: Ауданда инвестициялық жобаларға да басымдық беріліп отыр. Биыл майлы дақылдарды өңдейтін жаңа цех іске қосылып, тәулігіне 700 тоннаға дейін өнім өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытуға бағытталған 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 76 адамды жұмыспен қамтуды жоспарланып отыр. Сонымен қатар, базальт негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жобасын аяқтау жоспарлануда. Ол қалдықсыз өндірісті қамтамасыз етіп, өңірдің экологиялық жағдайына оң әсер етпек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ