ДИКТОР: Шағалалы су қоймасында өткен "Таза су айдындары" экологиялық акциясына 50 адам қатысты. Олардың қатарында Көкшетау ауданаралық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері және жастар ресурстық орталығының волонтерлері болды. Акция барысында су қоймасының жағалауы қоқыстан толық тазартылып, өзен-көлдердің жағдайына тексеріс жүргізілді.

РКС: Аталмыш акцияны Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырды. Экологиялық шара жыл сайын сәуір мен мамыр айларында өткізіледі. Акцияға қатысушылар өзен-көлдердің жағалауын тазалап, жиналған қоқысты сыртқа шығарды. Сонымен қатар, мамандар тұрғындарға табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын түсіндіріп, қоршаған ортаны қорғауға шақырды.

СНХ: ШАЙМҰРАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, КӨКШЕТАУ АУДАНАРАЛЫҚ АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ ҚОРЫҚШЫСЫ: Бұл акция қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібін сақтау үшін қажет. Осы табиғи мұраны өскелең ұрпақтың бойына сіңіруі маңызды. Олар табиғаттың шынайы келбетін көріп, оның қандай болуы керектігін ұғыну қажет.

ИНФОГРАФИКА ТЕКСІ: Өңірде өткізілген акциялардың нәтижесінде биыл су айдындарынан балық аулауға тыйым салынған 238 құрал тәркіленді. Оның ішінде 231 ау мен 7 қармақты құрал. Сонымен қатар, 19 тонна қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды. Тазалық жұмыстарына 432 адам қатысты. Шара барысында 151 автокөлік пен 98 су көлігі жұмылдырылды.

ӨТКІЗІЛГЕН АКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН 238 БАЛЫҚ АУЛАУ ҚҰРАЛЫ

– БАЛЫҚ АУЛАЙТЫН 231 ТОР

– 7 ҚАРМАҚ ҚҰРАЛЫ

- 19 ТОННА ҚОҚЫС

- ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА - 432 АДАМ

- 151 АВТОКӨЛІК ПЕН 98 СУ КӨЛІГІ

СНХ: НҰРЛАН ТӨЛЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Торлар мен косынкалар тыйым салынған құралдар. Оларды бірден тәркілеп, жоямыз. Балық аулауды жақсы көретін азаматтарға арнайы ескерткім келеді. Косынка, астрага, сүңгі және түрлі тор секілді балық аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынды.

РКС: Акцияға шаһардағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының волонтерлері белсенді қолдау көрсетті. Балық инспекциясының өкілдері бұл акцияның негізінен көктем мезгілінде ғана ұйымдастырылатынын алға тартады. Десе де, тазалық жұмыстары жаз айларында да жалғаспақ.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ