ДИКТОР:Бурабайдың көркіне көрік қосқан Жекебатыр тауының баурайында орналасқан ашық аспан астындағы Ботай музейі «Музей түні» акциясы аясында келушілерге ерекше әсер сыйлады. Көне тарихтың қатпарлы беттеріне жетелеген шара өңір тұрғындары мен қонақтарын мыңдаған жылдар бұрынғы Ботай өркениетінің өмірімен қауыштырды. Мыстас дәуірінде ғұмыр кешкен ботайлықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін кеште ежелгі қоныс иелерінің салт-дәстүрі, шаруашылығы мен тұрмысына қатысты тың деректер көпшілік назарына ұсынылды.
РКС:Бұл мәдениет өз атауын Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысынан алған. ХХ ғасырдың соңында археолог Виктор Федорович Зайберт жетекшілік еткен экспедиция жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде 15 гектар аумақты алып жатқан ежелгі қоныстың құпиясы ашылды. Жер астынан 158 тұрғын үйдің орны табылып, олардың өзара жалғасқан күрделі құрылыс жүйесін құрағаны анықталды. Бүгінде Ботай музейі өзара жерасты өткелдері арқылы байланысқан тұрғын үйдің түпнұсқа көшірмесі.
СНХ:ГҮЛДЕН АҚҚОШҚАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл жерлер 1 метрге дейін шұңқыр қазылған үйлер. Орталықтары күмбез ретінде әдеміленіп жасалған. Бұл жерде тек қана көсемнің үйі ғана емес, шаруашылық бөлмесі, ас бөлмесі, жатын бөлмелер ситяқты үлкен 7 бөлмеден тұрады. Ең соңғы бөлмелердің бірі шаманның бөлмесі. Шаманның бөлсмесі ұзын тунель арқылы жалғасып тұр. Себебі шаман деген ол, қазіргі тілмен айтқанда бақсы, адамдарды емдейтін адам болған. Сондықтан онда бөлек кіретін және шығатын есіктер орналысқан.
РКС:Ботайлықтар шамандық сенімге табынып, табиғат құбылыстары мен қоршаған ортаның тылсым күштеріне ерекше құрметпен қараған. Дәл осы мәдениетті жасаған тайпалар жылқыны алғаш қолға үйреткен қауымдардың бірі ретінде де ерекшеленеді. Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне жазған еңбегінде, жылқы түлігі алғаш еуропалықтар ойлағаннан көп жыл бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген. Ағылшын зерттеушісінің пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталған археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы: «Қазіргі күні Қазақ¬стан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұр¬ғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен...» деген байлам жасады.
СНХ:ҮМІТ ТАҢДАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жабайы жылқыны қолға алып және сонымен қатар, сол жылқының сүтін пайдаланып, қымыз жасаған. Жер астынынан табылған қыш ыдыстарда лабораториялық зерттеулерден кейін қымыздың микроэлементтері табылған. Сонау заманнан бастап біздің ата-бабаларымыз қымыздың пайдасын және ең негізгі денсаулыққа пайдалы сусын екенін тапқан еді.
РКС:Ботай мәдениеті әлі де болса бар құпиясын толық ашпаған, тарих қойнауындағы талай сырды ішіне бүккен бірегей мәдениет. Мәдениеттің қыр-сырын танып білуге мәдени ошаққа алыс-жақыннан келген келушілер аз емес. Олар ежелгі өркениеттің тынысын сезініп, бабалар өмірінің белгісін көріп, тарихтың тереңіне бойлауға ұмтылады.
БЛИЦ:
- Біз Қызылорда облысынан келдік. 4 жігіт болып қыдырып, арнайы Көкшетауға. Жалпы бұл жақтың табиғатын сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Сүйектер бұрыннан қалған. Тасты тасқа ұрып от шығарып, пайдаланған заттары ұнады.
- Мынау Ботай деген нәрсе, жанданған рухы. Мұны жастарға көрсету керек.
- Жастарға үлгі көрсетіп, Қазақстанның тарихын жақсы білсе танысып, ежелгі ғасырда не болғанын білсе деймін.
РКС:Кештің шырайын келтірген әсерлі көріністердің бірі от жағылып, театрландырылған қойылымның көрсетілімі болды. Жалындаған оттың айналасында өрбіген көрініс көрермендерді ғасырлар қойнауына жетелеп, Ботай дәуірінің тынысын сезінуге мүмкіндік берді. Осылайша, тарих пен тағылым тоғысқан тағылымды кеш өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпақпен сабақтастырып, ұлттық мұраға деген қызығушылықты арттырды.
ИНТЕРШУМ:
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ