ДИКТОР: Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен бастауыш сынып мұғалімдері арасында тұңғыш рет өткен «Зерделі ұрпақ» байқауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге басымдық берілді. Өңірдің бірнеше ауданы мен Көкшетау қаласының мектептерінен келген ұстаздар екі кезең бойынша бақтарын сынап, жүлдегерлерге сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
РКС: Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Сабырова өз сөзінде мұндай сайыстардың сапалы білім беріп, саналы шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздарды тануға ықпалы зор екенін айтты. Байқауға қатысқан 14 мұғалім заманауи технологияларды пайдалана отырып, балаларды қазақ тіліне қызықтырып, жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы қазақ тілінде білім беріп және күнделікті тәрбие жұмыстарында ұлттық құндылықтарды қолданып жүр.
СНХ: АЙГҮЛ ТАЛПАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде өздерін таныстырады. Және қазіргі заманға сәйкес жасанды интеллект арқылы ұлттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарға мультфильмдерді дайындап ұсынатын болады. Екінші кезең өзінің тиімді тәсілдерін, тәжірибесін ортаға салу болып табылады.
СНХ АРАЙ САҚТАҒАНОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Өткен жылы «Зерделі ұрпақ» байқауының жеңімпазы атанған болатынмын. Биыл қазылар алқасының мүшесі болу мен үшін мақтаныш, жауапкершілікті жұмыс. Шығармашылық жағынан, қазақ тілінде мультфильмдер құрастыруға мемлекеттік тілді дамытуға қатысты тың жобаларды ұсынады деп ойлаймын.
РКС. Байқауға түрлі этнос өкілдері қатысты. Олар өз білім ошақтарында балаларды бастауыш сыныптан бастап қазақ тілін құрметтеп, сөйлеуге үйретіп жүрген мұғалімдер. Байқау барысында әрбірі қазақ тілін үйренудің тиімді тәсілдерін ортаға салып, күнделікті өмірде және көпшілік ортада қолдануды арттыруға бағытталған тәсілдерімен бөлісті.
ЕСТ. ШУМ:
СНХ НАТАЛЬЯ АКУЛИЧ, КРАСНЫЙ ЯР №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: Басқа ұлт өкілдері біз қайда тұрамыз, Қазақстанда тұрамыз, бәріне айтамын қазақша сөйлеу керек. Менде мысалы 20 бала бар сыныбымда, білесізғой қазір 70 пайыз қазақтар орыс сыныбында оқиды. Жасанды интеллекті ойын түрде, қазақ балалары білуі керек салт-дәстүр
СНХ: АЙЗАТ ҚАЗЕЗОВА, №10 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ (КӨКШЕТАУ): Жасанды интелекті біз көп ойынмен ойнатамыз, сөйлеу арқылы және видео көрсетеміз. Менің ертегім жеті қазына туралы. Ол ертегіде жеті қазына туралы айтылады балаларға қазақ тілін үйрету, бұрынғы салт дәстүрді жаңғырту оймен осы ертегіні жасаттым.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар және алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ