ДИКТОР: Бурабай ауданынан келген 100-ден астам оқушы мен 10 тәлімгер оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының ауқымды жазғы слет өткізді. Дәстүр бойынша белсенді жастар Сандықтау өңіріндегі "Жас дәурен" балалар сауықтыру орталығына жиналды. Бірнеше күн бойы оқушылар білім беру тренингтеріне қатысып, спорттық жарыстарда бақ сынады және түрлі шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысты.
РКС: Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының слетіне қатысушылар үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама әзірленді. Жасөспірімдер командалық жұмысты дамытуға арналған тренингтерге қатысып, түрлі танымдық және мәдени-көпшілік кешкі шараларға қатысты. Сонымен қатар, квест ойындары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарда өз бақтарын да сынап көрді. Оқушылар білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасып, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
СНХ: МЕДИНА ҚАНАТ, №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ (ЩУЧИНСК): Ең алдымен, айта кететін нәрсе, көшбасшы ол жай ғана пікір алмасу, тәжірибе алмасу үшін емес. Ол нағыз Қазақстан Республикасының іргетасы қалаушы боп табылады және "Жас Дәурен"-нен басталған тәжірибе алмасу, бұл біздің үлкен жобаларымыздың бастамасы болмақ.
РКС: Слетке қатысқан оқушылар жасақтарға бөлініп, атауы мен ұранын ойластырды. Сонымен қатар, шығармашылық бағдарламалар әзірлеп, өз жобалары мен бастамаларын таныстырды. Мұндай кездесулер белсенді жастардың пікірлес достар тауып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына мүмкіндік бермек. Ал бұл дағдылар олардың алдағы қоғамдық қызметінде үлкен септігін тигізеді, - дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: МҮГІЛСІМ ТЫШҚАНБАЕВА, "BOLASHAQ SARAIY" ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қатысқан балаларға сәттілік тілеп, алға қойған мақсаттары орындалып, биіктен көріне берсін. Көшбасшыларыңыз жұмысы алға баса берсін. Балалар көшбасшылар Республикада Ақмола облысын қорғап, биіктен көріне берсін.
РКС: Слеттің қорытындысы марапаттау рәсімімен түйінделді. Барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды. Слет барысында жинақталған тәжірибе жасөспірімдердің өз бастамаларын табысты жүзеге асыруына, сонымен бірге болашақта түрлі деңгейдегі алаңдарда өңір намысын лайықты қорғауға жол ашпақ.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ