ДИКТОР: Шортанды ауданының Ключи ауылы алғаш рет орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары тіршілік нәрін тасымалдап ішіп келген. Жаңа инфрақұрылым коммуналдық мәселені шешіп қана қоймай, дамуға да серпін беріп отыр. Қазір мұнда ірі өндіріс орындарын іске қосуға дайындық жүргізілуде.

РКС: Бұған дейін Ключи ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесі болмаған. Жоба аясында мамандар екі су ұңғымасын іске қосып, ұзындығы 30 щақырымнан асатын су құбырын тартты. Сондай-ақ нысанда көлемі 500 текше метр болатын су резервуарлары орнатылды. Жаңа жүйе ауылдың барлық тұрғынын, яғни шамамен 500 адамды сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етті.

СНХ: АМАНҚОС ИСАҒАЛИЕВ, «АЛЬЯНС LTD» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2023-ші жылы басталған жоба. Бұл жоба Софиевка деген ауыл бар, 21 км жерде, сол жерден магистраль тартылады. Скважина сол жерде орналасқан. Содан кейін осы ауылға келіп, очистной сооружение, насосный станция бар, резервуарлар бар. Осы, содан кейін Ключи деген ауылдың ішіне су тартады. Жалпы магистральдің ұзындығы 21 км. Ішінде 15 км-дей су тартатын құбырлармен. 2023-ші жылы басталды, осы айда жобаны аяқтайды.

РКС: Жергілікті тұрғындар таза ауыз судың ауыл ішіне келуі көптеген тұрмыстық мәселені шешеді деп отыр. Ең бастысы - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, тұрмысын жайлы ете түседі.

СНХ: ЗЕЙНЕГҮЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, КЛЮЧИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл - тарихы терең, сонау 2-ші Николай заманынан бері келе жатқан ауыл. Сол уақыттан бері біздің ауылда ауыз су болмаған. Енді, міне, алғаш рет су құбыры тартылып, тіршілік нәрі қосылып жатыр. Баршаңызға үлкен рақмет! Бұған дейін халық суды тасып ішті. Біздің ауылға су құбырын тартуға көрсеткен қолдауы үшін Ақмола облысының әкімдігіне зор алғысымызды білдіреміз.

РКС: Жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде ауылдағы тұрғын үйлер мен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов заманауи су құбыры жүйесінің іске қосылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартып, олардың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететінін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл үлкен бағдарлама. Осы таза ауыз сумен әрбір ауылдарды қамту. Басқаша жобалар. Енді өздеріңіз көріп отырсыздар, шағын ауыл былай айтқанда, бірақ та болашағы зор деп айтуға болады. Өйткені қаланың, иә, қаланың қасында, мынандай шабыны бар, жайылымы бар ауыл. Енді осы ауылға су тарту үшін, міне, 2 миллиард 900 миллион енді қаражат бөлініп отыр, бір шағын ауылға. Осы міне Президенттің бағдарламасы — осы елге жаңағыдай су болсын, таза ішетін ауыз су болсын.

РКС: Су жүйесінің іске қосылуы Ключи ауылына инвестиция тартуға да серпін берді. Қазір мұнда бірден екі ірі жоба жүзеге асырылуда. 2028 жылға дейін бөтелкедегі ауыз су мен шырын өнімдерін шығаратын «Күлшін су өнімдері» зауыты салынады. Ал 2032 жылға қарай Q-TEC өндірістік кешені толық қуатына шығып, сорғылар, бекіту-реттеу арматурасы, құбырлар және ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді жолға қояды. Бұл жоба аясында 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. Өндірілген өнім ТМД елдеріне экспортталмақ.

ИНДИРА СҰЛТАНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ