ДИКТОР: Ұлттық Ұланның 55-те 10-шы әскери бөлімінде ерекше шара өтті. Салтанатты шара барысында Отан алдындағы міндетті әскери борышын аяқтаған 30-дан астам сарбазға еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды. Бұл әскери қызмет барысында тәртібімен, кез келген істегі жауапкершілігімен және қоғамдық өмірде белсенділігімен ерекшеленген жауынгерлерге көрсетілген үлкен сенім.
РКС: Әскери өмір сарбаздарды шыңдап қана қоймай, олардың болашақ мамандық таңдауына да жол ашады. Бүгінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған жастар үшін жоғары білімге қол жеткізу мүмкіндігі мемлекет тарапынан жүйелі түрде қолдау тауып келеді. Шара барысында әскери бөлім басшылығы сарбаздарды маңызды жетістіктерімен құттықтап, сертификаттарды табыстады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖӘНІБЕК СӘРСЕНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін біз ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімде 125 шақырылым өздерінің борыштарын адал атқарып 200-ден астам сарбаздарды ұлықтау кешін өткіздік. Сонымен бірге жауынгерлік дайындықта жақсы нәтиже көрсеткен сарбаздарды «Срочный 20» бойынша 30-дан астам сапрбазға жоғары оқу орнына түсуге оқу сертификаттары табысталды.
РКС: Сертификат иегерлері әскери қызметтен алған тәжірибелері мен тәртіп пен табандылық алдағы студенттік өмірде де серік болатынын жеткізді.
СНХ: ОЛЖАС ТІЛЕУХАНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ САРБАЗЫ: Абай облысы Семей қаласынан келдім. 125 шақырылымым бұйыртса 12 маусым үйіме қайтам. Осы үздік әскери борышымды өтегенім үшін универге грант жолдама ұтып алдым. 5510 әскери бөлімінің басшылығына алғысым шексіз.
РКС: Сарбаздардың мерейін асырып, қуанышына ортақтасу үшін мерекелік жиынға облыстық Аналар кеңісінің өкілдері де қатысты. Бір жыл бойы Ұлттық Ұлан жауынгерлерімен етене араласып, түрлі мәдени және патриоттық шараларда қатар жүрген азаматтарға олар ақжарма тілектерін арнап, сый-сияпаттарын табыс етті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙНҰР ЖАХИНА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Осы жерде 1 жыл бойы шыңдалып ел алдындағы, отан алдындағы міндеттерін абыроймен қорғаған сапрбаздарға сәттілік тілейміз. Болашақта үлкен бір маман иесі болады деген және ел алдындағы, қоғам алдындағы өздерінің міндеттерін әлі де абыроймен атқарады деген үміттеміз. Отан-оттан да ыстық. Содықтан сарбаздардыцң жүректеріндегі жылулық мәңгі сақталса дейміз.
РКС: Қолдарына грант сертификатын алған сарбаздар үшін бұл күн жаңа өмірдің келесі кезеңіне бастар жол. Олар енді әскери сапта шыңдалған жігерін білім мен ғылым жолында жалғастырып, ел болашағына қызмет етпек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ