ДИКТОР:Ішімдік пен есірткіге тәуелділік – күн сайын дәрігерлердің күресіп жатқан қоғамдағы дерті. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да ерекше назар аударып отыр. Ұлт саулығы, уақытылы көрсетілетін көмек және тиімді емдік шаралары – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі.
РКС: Өңірде ішімдікке салынған 4 мыңнан астам адам наркологиялық диспансерлік тіркеуде тұр. Оның 3689-сы ер адам. Ащы суға құмар әйелдер саны – 1042. Ішімдікке құмар жасөспірімдер жоқ десе де болады. Дегенмен есірткінің түр-түрін пайдаланатын 4 жасөспірім тіркеуге алынған. Олар ішімдікпен қоса,психобелсенді заттарды да тұтынады.
СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгіінгі күні статистика өзгермелі. Тіркеуде нақты тұрғандар саны аз. Біздің деректерге қарап, бұл мәселе өзекті емес деуге болмайды. Себебі адамдар ресми тіркелуден қашады. Олар көбінесе жекеменшік орталықтарға барады. Біздің есірткіге тәуелділермен жұмыс істейтін бірнеше стационарымыз бар. Алексеевка селосында бөлімшеміз де жұмыс істеп тұр. Ол жерде пациенттер емделеді. Біз екінші және үшінші алдын алу шараларын қамтамасыз етеміз. Пациенттер 45 күндік детоксикация курсынан жәнеоңалтудың үшінші кезеңінен Өзен селосында өтеді.
РСК: Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі –нашақорлық. Бүгінде 416 адам тіркеуде тұр, оның 49 –ы әйел. Есірткіні пайдалану құрылымы да өзгеріп тұрады. Апиын мен каннабиноинге тәуелділікпен қатар жүйке жүйесін жаулайтын синтетикалық есірткінің түрлері көбейіп келеді.
СНХ:МУСЛИМ ЗАГИРОВ, НАШАҚОРЛЫҚТАН ЕМДЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Есірткіге тәуелділердің басым бөлігін еркектер құрайды.Нашақорлықтың ішінде апиынды және канабиноинді қолданатындар өте көп, содан кейін психобелсенді синтетикалық заттарға құмарлар қатары бар. Психикалық денсаулық орталығы нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес шараларына қатысады. Егер бізді белгілі бір қызметтер, мектептер шақырып жатса, балаларға лекция оқып, жаман әдеттен жиренуге шақырамыз.
РСК: Мамандар мемлекеттің реттеуімен бұл жұмыстың тиімділігін арттыруға болады дейді. Ол үшін ішімдік сатудың уақытын шектеп, жарнаманы азайту қажет. Нашақорлықпен күрес саласы есірткі заттарын сататын сайттарды бұғаттап, синтетика айналымына жауапкершілікті қатаңдатып, оңалту орталықтарын дамытуға күш салған жөн. Осындай шаралар ғана еліміздегі есірткіге тәуелділікті азайта алады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ